Қалың тұман басыпты
қыр, даланы,
Сұрқы қашқан күзгі бұлт сұрланады.
Кешегі жаз дәурені бастан өтіп,
Дала бүгін
біртүрлі мұңданады.
Мұңданады,
кірбің бар қабағында,
Мөлдір шық
жас тұнады жанарында.
Жаным жүдеп еріксіз тұнжырадым,
Қырау басқан қырқаға қарадым да.
Қырау басқан қырқаға қарадым көп,
Жаз күндердерден бір белгі табамын деп.
«Өткен күнде белгі жоқ» рас екен,
Келер күндер өлмесін қалауым тек.
Өмір заңы.
Жаз өтіп, күз келеді,
Таңба қылып тастайды із-дерегін.
Өткен күнге ой көзбен қарап тұрып,
Әлсін-әлсін күрсіну…
Күз дегенің.
Зеберкүл Шардарбекова.
Есейхан ауылы.