Home / Аймақ / Тұлғаға арналған турнир

Тұлғаға арналған турнир

Мемлекет және қоғам қай­раткері, «Дос-Мұқасан» ан­самблінің негізін қалаушы му­зыкант, ғалым Шәріп Омаровтың есімі халыққа жақ­сы таныс. Таласта туып, елге та­нылған тұлғаны жерлестері мақтанышпен еске алады. Елдің саяси, әлеуметтік дамуында із қалдырған қайраткер көзі тірі болғанда биыл 74 жасқа толар еді. Бірақ, марқұмның жарқын бейнесін жадыда сақтап, рухына тағзым ете білген азаматтар оның өнегелі өмір жолын жастарға үлгі етумен келеді. Сондай ізгілікке толы шара жуырда өзі өскен, білім алған Қаратау қаласында көрініс тапты.
Облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы, аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы, №31, №32 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің, «Фосфорит-Шәріп» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Ш.Омаровты еске алуға арналған футболдан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Аталған спорттық шара 2007 жылдан бері тұрақты түрде жалғасып келеді. Дәстүрлі жарыс осы аралық ішінде талай жасты шыңдап, танылуына септігін тигізіп үлгерді.
Орталық стадионда өткен бұл жолғы турнирге Қызылорда облысы, Шымкент, Тараз қалалары, Байзақ, Сарысу аудандары, Бостандық, Шайқорық ауылымен қатар жергілікті командалар қатысты. Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне қатар оқып, өнерде бірген жүрген Досым Сүлеев, Мейірбек Молдабеков және өзге азаматтар демеушілік көмек танытты. Бәсекеде 2008-2010 жылы туылған спортшылар жас ерекшеліктері бойынша екі топқа бөлініп, өзара бақ сынады.
Төрт күнге созылған турнир барысында шын мықтыны анықтау оңайға соққан жоқ. 2008 жылғы туылған жасөспірімдер арасында Шымкент қаласына жол берген жерлестеріміз 2-орынға тұрақтаса, 2010 жылы туыл­ған аяқдопшылар ішінен №32 балалар — жасөспі­рім­дер спорт мектебінің шәкірттері үздік үштікті түйіндеді.
Турнирде шебер ойын көрсеткен командаларды марапаттау рәсіміне спорт ардагерлері қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, үздік ойын өрнегін көрсеткен спортшыларға кубок, диплом және медальдарды табыс етіп, жылы лебізін білдірді.

Нарбол Қашаған, «Talas tynysy».

About DevTeam

Check Also

Сұлулар сынға түсті

Қаладағы Балалар өнер мектебінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйытқы болуымен «Үкілі ару» сұлулық байқауы өтті. …

Добавить комментарий