Home / Аймақ / Объективте — Талас тағылымы мен тылсым табиғаты

Объективте — Талас тағылымы мен тылсым табиғаты

Талас жері-тұнған шежіре. Айтылған жаңалығынан ашылмаған жұмбағы көп тарихи өлке.
Жалпы, Талас-тағылымды тарихымен ғана емес, тылсым табиғатымен, талай тұлғаларды дүниеге әкелген киелі топырағымен де ерекшеленеді.

Таластың жазығы мен Қаратаудың баурайлары ше… Көзді арбап, көңілді қанаттандыратын керемет көрініске толы. Кейде жол түскен аймақтың тірлікпен үйлескен тынысын, ажарын кіргізген сұлу табиғатын суретке түсіріп алуға тырысасың. Сол бір сәттік кадр ертең ескерткішке, құнды мұраға айналуы мүмкін. Суреттің құдіреті сонда.
Жуырда Алматы қаласындағы «Дарын» баспасынан жерлесіміз Алтынбек Қартабайдың «Таңғажайып Талас» атты фотоальбомы жарық көрді. Былайғы жұртшылық Алтынбек Қартабаевты тәжі­рибелі фотограф ретінде жақсы таниды. Қазір облыстық «Ar-Ai» газетінде тілші қызметін атқаратын оның еңбектері талай деңгейдегі байқауларда лайықты бағасын алған.
Енді міне, ол туған жердің табиғаты мен тыныс тіршілігін қаз-қалпында кадрға түсіріп, жинақ етіп бастыруды ұйғарыпты.
Талас ауданы әкімдігінің тапсырысына сәйкес жарық көрген фотокітаптың алғы сөзін мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков жазған. Ал, жас ақын Шапағат Әбдір ондағы әр сурет­тің сы­рына үңіліп, өлең жолдарымен си­пат­таған.


Қаз-қалпында, тосыннан түсірілген суреттерде тіл болады, сөйлеп тұрады. Мұндай жанды кадрларды қағып алу фотографтың тынымсыз ізденісі мен талғам, тәжірибесіне байланысты.


Орыстың атақты фотошежірешісі Василий Песков: «Фотографтар әлемді объек­тивіне сыйдыра алатын ерекше жан­дар, фотография құдіретінің арқасында адамзат өткеніне көз жүгірте алады»,-деген екен.
Расымен, фотоальбомда тау-тасқа жан бі­тіртіп, сөйлеткізе білген суреттерді кө­ріп Алтынбек Қартабаевтың шеберлігін тани­сың. Ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, әсем жерлерін аралап қайтқандай әсер аласың. Ия, фотография өнері-шығармашылық жұмыс. Оның да жүйкеге салмақ салатын, уақыт арнайтын, шабыт шақыратын шақтары болады.
Фотографтың қуанышы да, табысы да-сәтті шыққан суретінде. Фотожинақты парақтай отырып, ондай кадрлардың аз еместігін байқаймыз. Бұл деңгейі жоғары кәсібилікті көрсетеді. Мұндай кітаптар жастардың танымын кеңейтіп қана қоймайды, үлкенге де ой салады.

About DevTeam

Check Also

Таза және қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілік адамның негізгі сұраныстарының бірі

Таза және қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілік- адамның негізгі сұраныстарының бірі. Есептеулер бойынша дамушы елдерде …

Добавить комментарий