Home / Социальный аспект / «Қандас» мәртебесін беру немесе ұзарту

«Қандас» мәртебесін беру немесе ұзарту

2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда «оралман» термині ресми түрде «қандас» деп ауыстырылды. Бұл мәртебені ХҚКО арқылы да алуға болады.
Ол үшін сізде келесі құжаттар болуы керек:

  • толтырылған өтініш (үлгісін Egov-тан жүктеуге болады)
  • еркін түрде жазылған өмірбаян
  • сіздің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың қазақ немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмелері
  • жергілікті атқарушы органның мәртебе беруге келісімі
  • Отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3х4 көлеміндегі екі фотосуреті
    Егер барлық құжат дұрыс болса, мәртебе 5 жұмыс күн ішінде беріледі. Мәртебенің жарамдылық мерзімі бір жылды құрайды, содан кейін оны ұзартуға немесе ҚР азаматтығын алуға құжаттар тапсыруға болады. Толық ақпарат алу үшін 1414 call-орталығына хабарласуға болады.
    Қандастар – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін шетелдегі тұрақты жерінен елімізге оралған этникалық қазақтар. Қазақстанға келгеннен кейін оларға «Қандас» мәртебесін алу қажет.
    «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ» Жамбыл облысы бойынша филиалының Талас аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі.

About DevTeam

Check Also

Суицидтің өршуі-қоғамға келген қауіп

Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ре­сурстық орталығы» КММ-сі суицидтің алдын алу мақсатында 2021-2025 …

Добавить комментарий