Home / Дін және білім / Ішімдік — барлық күнәнің басы

Ішімдік — барлық күнәнің басы

Ислам дініміз — адамзатты зұлымдықтан, адасудан және барлық жамандық атаулыдан сақтап, заттық һәм рухани бақытқа кенелтіп, адамның жан дүниесі мен қоғамға тыныштық сыйлауды мақсат тұтқан мейірім діні болғандықтан, адамның есін ауыстыратын, ақылын тұм­шалайтын ішімдіктерге үзілді — кесілді тыйым салынған. Өкініш­ке орай, қазіргі таңда ащы сусыз қандай да бір іс шара, тойлар өтпейді. Тіпті сәби балалардың өмірге деген бастауларының өзінде дастархан басын айналып өтпейтіні жаныңа батады.
Алла елшіс Мұхаммед Мұстафа (с.а.у) ішімдік жайлы мына бір мүбәрак хадисінде: Барлық мас қылушы – арақ. Ал барлық мас қылатын нәрсе — харам». –деп ескерткен. Алла елшісі (с.а.у) былай дейді: «Үмбетімнен арақты адал деп есептейтіндер болады» — айтқан хадисі бәрімізге белгілі. Ал мына хадисте Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у): «Үш адам Жәннатқа кірмейді. Олар: арақ ішуші, туыстық байланысты үзуші және сиқырға сенуші. Кімде-кім арақ ішіп, мас болып өлсе, даңқты һәм ұлы Алла одан әл-Ғута өзенінен сусындатады», – дейді. Адамдар: «Уа, Расулалла! Әл-Ғута өзені деген не?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.у): «Ол тозақтағы зинақор әйелдердің мүшелерінен ағатын өзен. Ол иістен күллі тозақтықтар қатты жиіркенетін болады», – деп жауап берген. Шариғатымызда арақ-шарап денеге, киімге тисе немесе төгілсе нәжіс деп қабылданады. Қашан жақсылап тазаланғанша ондай киіммен намаз оқуға болмайды. Арақтың азы да, көбі де харам. Хадисте: «Масқылатын нәрсенің азы да, көбі де харам», – делінген.
Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Араққа үйір адамның отбасы бақытсыз, қызметте абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Олар түрлі ауруларға да шалдыққыш келеді. Шайтанның алдауына көніп нәпсінің құмарына еріп, өзін бір батыр санап қасындағының шырқын кетіріп жаманатқа ие болғандар қаншама. Өзінің туыстарынан айырылып, қоғамға түк пайдасы жоқ, тек жеке дара басын ойлап өмірдің тәлкегіне риза болмай әлсіздігін танытып уәдесінен шыға алмай, жат жұртқа сыйы кетіп, намысын аяқ асты етіп жүргендер де жетерлік.
Арақтың тек рухани ғана зардабы емес, Алланың аманат етіп берген денсаулығына да орасан зор зардабы бар. Өкінішке орай, белсіздіктің арақтан болатынын не ері, не әйелі біле бермейді.
Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ол көрсе қызар болады, инабаттылықты ұмытады, дөрекілік көрсетеді. Көрсе қызарлықтың, нәпсі құмарлықтың салдарынан маскүнемдер жыныс ауруларына жиі душар болады.
Құрметті ағайындар! Алла Тағаладан өзімізді осы бір арақ деген дерттен аулақ болып, қоғамымыз үшін пайдалы, ізгі істермен шұғылдануымызды нәсіп етсін деп сұраймыз. Алла бәрімізді тура жолға салсын!

Ахат Қайыпбергенұлы,
Талас аудандық Қаратау «Қажы би» орталық
мешітінің ұстазы.

About DevTeam

Check Also

Қайырымдылық- ізгі қасиет

Мұқтажға мейірім көрсетіп, қысылғанға қайырымдылық таныту қанымызда бар қасиет. Ата-бабаларымыз жесірін жылатпаған, жетімін қаңғыртпаған, жанынан …

Добавить комментарий