Home / Қаржы / Ислам діні – бейбітшілік бастауы

Ислам діні – бейбітшілік бастауы

Діни экстремизм бүгінде қоғам­дағы өзекті мәселелердің біріне ай­налды. Бұл індет әлем елдерін де қазіргі таңда қатты алаңдатып отыр. Әсіресе, діни сауатсыздықтың салдарынан көбіне жастар жат ағымдардың шырмауына шырма­лып, жетегінде кетуде. Дінтанушы ғалымдардың айтуынша бүгінгі таңда біздің қоғамда «ислам» және «террозизм» ұғымдарын бір деп қарастыру, терроризм мен экстремизмді ислам дінімен байланыстыру өкінішке орай, қалыптасып бара жатыр. Бұл қате пікір. Осындай теріс түсінік пен көзқарастың салдарынан түрлі деструктивті діни ағымдар жат пиғылдарын іске асырып жатқандығы да алаңдатарлық жайт.
Тура жолдан тайдырып, адастырушы ағымдармен күресте ең алдымен діни сауаттылықты арттыру, жастар арасында дәстүрлі дініміздің асыл қасиеттерін кеңі­нен насихаттау маңызды. Осы мақсатта «Тәңкібай ата» меші­тінде мешіт жамағатымен, ауыл жастарымен жиі кездесулер өткізі­ліп, діни мәселелер жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Мұндай басқосуларда діни экст­ре­мизмен күресте, діни сауат­сыздықты жоюда тиімді де жүйелі жұмыс жүргізу үшін жа­мағат тарапынан жаңа әдістер, идеялар мен жаңашыл ұсыныстар айтылады. Қазақстан Республи­касы Дін істері комитетінің жұмыс жоспарының шеңберінде қазақстандық қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құнды­лық­тарын нығайту, діни экстре­мизмнің таралуына жол бермеу мен алдын-алу мақса­тында ұйым­дас­тырылатын діни ағар­ту­­шылық шараларында сондай-ақ, дін саласындағы мемле­кеттік саясаттың мәні түсіндіріліп ке­ле­ді. Асыл дініміз – ислам­ның құндылықтарын на­сихаттау арқылы діни сауатты­лықты арттыруға, радикалды ұйымдардың қауіп­тілігін түсін­діруге бағытталған мұндай жиын­дар, кездесулерде жастар сауал­дарын жолдап, ойларын ортаға салады. Пікір алмасып, ашық диа­лог алаңына айналатын басқо­су­лардың жастарға берер тәлімі мол.
Қазіргі уақытта ислам дініне түрлі «измдерді» таңып, теріс көзқарас қалыптастыруға әрекеттенушілер аз емес. Олар біздің елде де бар. Сондықтан, біз өз азаматтарымыздың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ете отырып, өз дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін жат қоғамдық нормалар мен әдетке үндейтін әрекеттерге қарсы тұра білуіміз қажет. Ислам діні -қантөгіске, біреудің ақысын жеуге елдің тыныштығын бұзатын дау-жанжалға, іріткі тудыруға қатаң тыйым салады. Ғасырлар бойы ислам дінін ұстанып келе жатқан ата-бабамыздың мәдениеті мен болмысынан тек мейірімділік пен кешірімділікті, адамгершілік пен әділдікті байқаймыз. Міне осы қасиеттерді бізде өзіміздің, өскелең ұрпақ жастардың бойына дарытуымыз керек. Ол үшін асыл дінімізбен біте қайнасқан ұлттық болмысызды сақтай отырып жастардың жат ағымдардан қорғауға барынша күш салуымыз керек.
Нұрбол Төреқұлов,
«Тәңкібай ата» мешітінің имамы. Тамды ауылы.

About DevTeam

Check Also

Бәрімізге бәрібір ме?

Зеберкүл Шардарбекова, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Осы қазір білім сала­сын­да «мылтықсыз май­дан» жүріп жатқандай көрінеді …

Добавить комментарий