Home / Аймақ / Таза және қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілік адамның негізгі сұраныстарының бірі

Таза және қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілік адамның негізгі сұраныстарының бірі

Таза және қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілік- адамның негізгі сұраныстарының бірі. Есептеулер бойынша дамушы елдерде шамамен 1 млрд. адам ауыз суға толық жете алмай отыр. Адамның денсаулығы судың тазалығы мен оның санитарлық жағдайларды жақсартудағы рөлімен тікелей байланысты.
Адам санасы өсуінің нәтижесінде судың жетіспеуі су дағдарысына алып келуде. Жер бетіндегі таза судың қоры жеткілікті көрінгенмен, әлемнің көп аймақтарындағы халық өте аз мөлшерде ғана таза суды қолданып отыр. Жыл сайын әр түрлі өнімдермен ластанған және арнайы тазартусыз пайдалануға келмейтін су объектілерінің саны көбейіп келеді.
Су қоймаларының ластануы су экожүйесінің құлды­рауына әкеліп, табиғи судың сапасын қалпы­на келті­ретін гидробионтардың тіршілік жағдайын қиындата­ды. Көп жағдайларда табиғи су объектілерінен алынған судың тек бір бөлігі ғана қайтадан су экожүйесіне қайтып оралады, ал көп бөлігі далаға кетеді және буланып ұшып кетеді.
Таза суды өте көп қолданушылар мен ластаушылар қатарына ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік өндіріс орындары жатады. Бұл жағдайда су мәселесі осы елдің экономикалық дамуын тежеуші факторлардың біріне айналады. Соңғы уақытта таза ауыз суды жер асты су көздері­нен алып пайдалану өсіп барады. Бұл адамзат­тың өмірге өте қажетті ресурстарының азаюына әкелу­де. Жыл сайын планетамыздың жер асты су қоймалары 160 млрд. м3 таза судан айырылуда. Судың мұндай үлкен көлемі оның айналымы кезінде орнына қайтып келмейді. Таза суға деген жетіспеушілік пен оның ұқыпты түрде қолдану мәселелері бұрыннан бері адамзатты ойландыруда, себебі бұл факторлар сол елдің тұрақты түрде дамуында, халқының ден­сау­лығында және тұр­мыстық жағдайының дең­гейінде, өнеркәсіп пен тамақ өндіруде маңызды рөль атқарады. Болашақ­та бұл жағдай қиындай түсуі мүмкін.
Судың жетіспеуінің алдын алуға бағытталған іс-шараларға ең алдымен суды тиімді пайдалану мен оны территориалдық жағынан өзгерту жата­ды. Судың сарқылуы мәселесін шешу үшін төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
1) суды тиім­ді пайда­лану техноло­гия­ларын қолдану;
2) өндірісте суды бірнеше рет қайталап пайдалану;
3) ауыз су мақсатында берілетін суды өндірістік процестерде пайдаланбау.
4) ауыз суды тамаққа, тұрмыстық мақсатта пайдаланатын судан бөлек құбырмен беру.
5) суға экономикалық тұрғыдан негізделген баға қою. Нақты бағалау нәтижесінде судың ысырап болуын біршама төмендетуге болады.
Судың ластануын кеміту шаралары ең алдымен суды пайдалану, тазалау әдістері мен технологиялық процестерін жетілдірумен байланысты суды тазарту әдістерінің ішінде биологиялық әдістер өте тиімді және жақсы нәтиже береді. Қазір ауыз суға деген сұраныс күн санап өсуде. Судың, біріншіден, санитарлық жағынан сапасы жоғары болуы қажетті, екіншіден, суды үнемді пайдалану керек. Ауыл шаруашылығында егісті суарудың тиімді әдістерін қолдану қажет.
Тағы бір айта келетін жай – ағын суларды су құбырларына жіберіп, суды ластаған өндіріс орындары мен мекемелерді халықтың игілігіне, тұрмыс қажетіне пайдаланып жүрген су құбырларына не болса соны, яғни тамақ қалдықтарын, шөлмектер мен синтетикалық, өзен мен көл жағасына барып машиналары мен техникала­рын жуып, суды ластап және жағадағы жасыл шөпті өртеп, ағаштарды кесіп отқа жағып, қоршаған ортаны ластап, табиғатты бұзушыларды заң жүзінде қатаң тәртіпке шақыру керек.
У.Абубакирова,
Талас аудандық санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің жетекші маманы.

About DevTeam

Check Also

Изменений и дополнений в Законе «Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей»

11 января 2022 года в силу вступил Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений …

Добавить комментарий