Home / Аймақ / Елорда – елдіктің туы

Елорда – елдіктің туы

Құрметті таластықтар!
Баршаңызды киелі Тәуелсіздігіміздің тірегі, сүйікті Отанымыздың жүрегі, халқымыз­дың мақтанышы, ел болып тойлап жатқан Астана қаласы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Өзінің атамекенін ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғай білген батыр бабаларымыздың ержүрек ұрпақтары бодандықты келмеске жіберіп, тәуелсіздік туын желбірете жаңа астанасын тұрғызды. Сарыарқаның төрінен орын алған сол Елордамызға 25 жыл толып отыр. Осы бір ширек ғасыр уақыт ішінде ел тәуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп, бірге өркендеп келеді. Осы аралықта Елордада қаншама ғаламдық мәселелер шешіліп, әлемдік өркениеттің жаңа туындылары дүниеге келді.
Бүгінде әрбір қазақстандықты Арқа төріндегі ару астанамызға деген мақтаныш сезімі кернейді. Өйткені, ол – сәулет өнерінің озық үлгісіне салынған Ақордасымен асқақтаған, «Бәйтеректей» символымен болашаққа бет түзеген, Бейбітшілік пен келісім сарайымен әлем жұртын ауызбірлікке шақырған, Әзірет Сұлтандай мешітімен имандылыққа бағыттаған қала.
«Бейбітшілік қаласы» атанған жас қала жаһан жұртының жанарын өзіне аударып, ең сұлу, болашағы кемел қалаға айналды.
Қадірлі жерлестер!
Айтулы мерекемен тағы да құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға береке – бірлік тілейміз!

Қанатбек Мәдібек,
аудан әкімі.
Қадірбек Садубаев,
аудандық мәслихаттың хатшысы.

About DevTeam

Check Also

Изменений и дополнений в Законе «Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей»

11 января 2022 года в силу вступил Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений …

Добавить комментарий