Home / Саясат / Мемлекетіміздің басты тірегі

Мемлекетіміздің басты тірегі

Әрбір өркениеттің өріне қадам бас­таған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер болып табылады. Сондықтан да, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекет­тік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді. Баршаға белгілі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2003 жылы әр жылдың 23 маусымын мемлекеттік қызметшілер күні деп атап өту жөнінде ұйғарым жасаған болатын. Бұл шараның халықаралық аренада мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің статусын көтеруге оң ықпал еткені ақиқат. Осыған орай, елімізде 23 маусым -Мемлекеттік қызметші күні деп жарияланған.
Дана халқымызда «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады» — деген сөз бар. Сондықтан, қашан да жүгі ауыр билік міндетінің ауқымды және мақсатының биік болары барлық мемлекеттік қызметшілердің әрқашан жадында болуы керек. Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті туған Отаны мен халқына адал қызмет етуімен бағаланады. Бүгінгі мерекені пайдалана отырып, барлық мемлекет қызметте жүрген әріптестерімізді осы айтулы күнмен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, дендеріне саулық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!

А.Мамадияр,
Талас ауданы бойынша МКБ-ның жетекші маманы.

About DevTeam

Check Also

Будущее страны в государственном языке

Одним из неотъемлемых атрибутов государственности, наряду с го­су­дарственными символами, является госу­дарственный язык. Государственный язык Республики …

Добавить комментарий