Елдің ертеңі мемлекеттік қызметке байланысты. Мемлекеттік қызметте мемлекеттік қызметшінің орны өте жоғары. Олар билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпір десек те болады. Бүгінде мемлекеттік саладағы мамандардың білім- біліктілігінен бұрын, адами асыл қасиеті мен ананың ақ сүтімен келетін тәлім- тәрбие де талап етіледі. Сондықтан да, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі талап-әдеп. Бұл орайда, олар Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Олар Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтай отырып, мемлекеттік саясаттың жүзеге асуына өз үлесін қосады.
Әдеп кодексінің басты міндеті –сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік істердің профилактикасына бағытталған іс — шараларды әзірлеу, мемлекеттік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және Реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің Талас ауданының статистика басқармасы қызметкерлері де мемлекеттік қызметші абройына дақ түсірмей келеді. Мұндағы бес мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметшінің қызметінде маңызды рөлге оның кәсібилігі және құзыреттілігі ие екенін жақсы түсінеді.
Статистика басқармасындағы мемлекеттік қызметшілер өзін — өзі жетілдірумен, өзін — өзі дамытумен үзбей айналысып келе жатқанын айтуға тиіспіз. Олар өздерінің қызметтік міндетін дұрыс және нақты орындауымен қарапайым халық арасында билік және жүргізілген саясат туралы жағымды образ қалыптастырып келеді десем, артық айтқандық емес. Осындай ауыз толтырып айтарлық жетістіктерге жетуіміздің басты себебі – аудандық статистика басқармасының басшысы Светлана Макамбетованың ұйымдастыру жұмысындағы біліктілігінің нәтижесі екенін сеніммен айта аламын.
Сонау 1920 жылы Қазақстанда мемлекеттік статистика өз жұмысын бастағаннан бері бұл сала түрлі құрылым жұмыстарын бастан кешіп, сан-салалы жолдардан өтті.
Қазіргі таңда статистика саласы заманауи тұрғыда қалыптасып, өзіне тиесілі жұмысын абыроймен атқарып келеді. Соның бірі – біздің Талас ауданының статистика басқармасы. Оның негізгі міндетіне аудан бойынша әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштерді жинақтап, ауданда тіркелген барлық заңды және жеке тұлғалар туралы статистикалық мәліметтерді топтастыру болып табылады. Осы жұмыстарды дер кезінде орындап, маңызды ақпараттар беруде осындағы мемлекеттік қызметшілердің үлесі зор. Олар мемлекеттік қызметші абройын көзінің қарашығындай сақтауға тырысып келеді.
Жалпы, мемлекеттік қызмет –азаматтардың арманындай мақсатқа бейімделген болуға тиіс. Мемлекеттік қызметші тек білімді ғана емес, жоғары моральдік жауапкершілік пен өз ісіне деген әділдік, адалдық, адамгершілік қасиеттері жөніндегі қағидаларды қатаң ұстағанда ғана елдің ертеңі нұрлы болмақ.
Эльмира Ахылбаева,
аудандық статистика басқармасының жетекші маманы.
Check Also
Будущее страны в государственном языке
Одним из неотъемлемых атрибутов государственности, наряду с государственными символами, является государственный язык. Государственный язык Республики …