Home / Аймақ / Жарыс жолында — журналистер

Жарыс жолында — журналистер

Дүйсен Молдақұлов, «Talas tynysy».
Тараз қаласында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Аq jol» газетінің 100 жылдық мерейтойы мен облыс журналистика-
сының абызы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы,
жиырма жылдан астам уақыт осы басылымға жетекшілік
еткен Баттал Жаңабайұлының құрметіне бильярдан
дүбірлі жарыс өтті.
Аудан әкімі Қанатбек Мәдібек Баттал ағамыздың шаңы­рағына арнайы барып ол кісінің батасын алды. Сондай – ақ, аталмыш бәсеке­ге Нұр — Сұлтан және Шымкент қалаларынан да журналистер арнайы келіп қатысты.
Бұл таластықтардың «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай өт­кізіп отырған алғашқы іс – шарасы емес. Сәуір айында елімізге белгі­лі марафоншы, бірнеше байрақты бәсекелердің жеңімпазы және жүлдегері Жақсылық Мамырбеков пен жас талап Жомарт Қамысбаев басылымның 100 жылдығына орай 100 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өткен болатын.
Жарыстың ашылу салтанатында Қанатбек Қайшыбекұлы, ардагер журналист, бильярд ойынының шебері Бекет Момынқұл жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Күнұзаққа созылған жарыс барысында журналистер тек шығармашылық салада ғана емес, сонымен бірге, спортта да қаражаяу емес екендіктерін айқын аңғартты. Бильярд шарларын қақпақылдай қағыстырған оларға былайғы жұртшылық өздерінің ризашылықтарын білдіріп отырды.
Турнир қорытындысында бірінші орынды кезінде «Aq jol» газетінің меншікті тілшісі болған, бүгінде «Шу өңірі» газетінің бас редакторы Ерғали Қартайған жеңіп алды. Ал, екінші орынға облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз хатшысы Серік Тәжібаев ие болса, жүлделі үшінші орын «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі, «Aq jol» — дың түлегі Табиғат Абайдилдевқа бұйырды.
Сонымен бірге, он спортшыға арнайы тағайындалған жүлделер де иелерін тапты.
Жүлделерді аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Бекнұр Сатыбалды табыс етіп, спортшыларға алдағы уақытта да сәттілік тіледі.

About DevTeam

Check Also

Мои встречи с Розой Баглановой

«Каждый выход на сцену для меня был как первое свидание». Роза Багланова, народная артистка СССР. …

Добавить комментарий