Home / Медиация / Сот хатшысы болу – абыройлы міндет

Сот хатшысы болу – абыройлы міндет

Әділдік іздеген азаматтар сотқа өз дауының шешімін іздеп келеді. Судья дауды жан-жақты қарап, зерттеп, дәлелдемелерге баға беріп, заң талабына сай шешім қабылдайды. Судьяның қызметін қамтамасыз етуде сот отырысының хатшысы маңызды роль атқарады. Судьяның уақытын тиімді пайдаланып, өнімді жұмыс жасауы сот хатшысының біліктілігіне, іскерлігіне тікелей байланысты. Сот отырысын уақытылы дұрыс ұйымдастыру, сот істері бойынша тараптардың сот отырысының болатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарлануы, яғни сот отырысыныа уақытылы келуін қамтамасыз ету сот хатшысының міндеті.
Сотпен қабылданған сот актілерін заң талаптарына сай, заңмен белгіленген мерзімдерде орындауға уақытылы жолдау, сот істерінің уақытылы кеңсеге, мұрағатқа өтуін қамтамасыз ету сот хатшысының міндеті. Сот хатшысы болу — абыройлы міндет.
24 маусым – Судьялар мен сот қыз­меткерлері күні мерекесіне орай, барша сот қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сот жүйесінің дамуына, Егеменді елімізде әділдіктің орнауына өз үлестерін қосып жүрген судьялар мен сот қызметкерлеріне еңбектеріңіз жана берсін демекпін. Халықтың сотқа деген сенімін арттыру — біздің басты міндетіміз.

А.Тұтқышбаева,
Талас аудандық соты кеңсесінің бас маманы, сот отырысының хатшысы.

About DevTeam

Check Also

Әскери қызмет — әрбір азаматтың қасиетті борышы

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде азаматтарды әскери қызметке шақыру кезіндегі проблемалық мәселелер белсенді талқылануда. Біздің елімізді …

Добавить комментарий