Home / Аймақ / Мемлекет кепілдік берген заң көмегі

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету азаматтардың білікті заң көмегін алудағы құқықтарын жүзеге асыру. Әр адам қорғануға құқылы. Бірақ, егер оның өзіне адвокат, нотариус немесе құқықтық қорғаудың өзге субъектісін жалдауға мүмкіндігі болмаса, оған бюджет қаражаты есебінен мемлекет кепілдік берген заң көмегі көрсетілетінін бәрі біле бермейді. Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңы 2018 жылдың 5 шілдеде қабылданған болатын (Бұдан әрі Заң). Аталған Заңның заң көмегінің нысандарының бірі «Мемлекеттік кепілдік берген заң көмегі». Заңның 26-бабына сәйкес, Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар:

  1. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық ақпарат беру түрінде тегін алуға барлық жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар.
  2. Құқықтық консультация беру, сондай-ақ соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі:
    1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаға;
    2) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес талап қоюшыға;
    3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге;
    4) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар, тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі. Адвокаттар қажет болған жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар жасайды.
  3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республиксының аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін тұрғылықты жеріне және орналасқан жеріне қарамастан алуға құқылы.
  4. Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлғаның мүддесіне орай оның өкілі заңда белгіленген тәртіппен осындай көмек көрсету туралы өтінішхатпен жүгіне алады.
    Мемлекет кепілдік берген заң көмегін: адвокаттар осы Заңда белгіленген тәртіппен; нотариустар «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өтеусіз; жеке сот орындаушылары «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңда белгіленген жағдайларда және тәртіппен, әлеуметтік маңызы бар істер санатын орындау кезінде өтеусіз көрсетеді. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекет берген заң көмегін өзге тұлғалар өтеусіз көрсете алады.
    Мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық ақпарат беру түрінде тегін алуға, тұрғылықты жеріне және орналасқан жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар. Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлғаның өкілі оның мүддесіне орай оның заңда белгіленген тәртіпте өтініш жасап жүгіне алады.
    Мемлекеттік органдармен құқықтық ақпарат беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегі өз құзыреті шегінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте көрсетіледі.
    Адвокаттар мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін субъектілер ретінде «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік- құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіпте жеке тұлғаларға мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін көрсетеді. Адвокаттардың ауылдық елді мекендерде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуін облыстың адвокаттар алқасы қамтамасыз етеді.
    С.Капсаланов,
    Талас ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлім басшысы аға сот орындаушысы.

About DevTeam

Check Also

Билер тәжірибе алмасты

Елді мекендердегі Алқа билердің жұмыстары жылдан-жылға жанданып келеді. Олар халық арасында бірлік пен ынтымақты нығайтуда, …

Добавить комментарий