Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі суицидтің алдын алу мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын іске асыру мақсатында жоспарға сәйкес жұмыс жүргізуде. Суицидтің алдын алу туралы қала бойынша психолог маман мен Талас аудандық орталық аурухана психолог мамандарымен бірлесіп, «Мен өмірді сүйемін», «Мен таңдаған өмір», «Суицид- тығырықтан шығар жол емес» сынды тренинг — семинар ұйымдастырылуда.
Іс-әрекетінен мәнді нәтиже алуға кеткен күш-қайраттың есебін толтыра алмай, кейбір жастардың дамуында тоқырау, регресс, деформация, деградация, фрустрация сынды тұлғалық кері өзгерістер орын алуы кездеседі.
Жастардың өз басындағы, өміріндегі психологиялық проблемаларды анықтай алуы аса маңызды болып келеді.Осындай мәселелерге кезіккен жағдайда және жаныңызды мазалайтын сұрақтар туындап, шешімін таппай жүрген кедергілер болса, психолог маманның көмегіне жүгінгіңіз келсе «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы Ақнұр Сейдуалы әрдайым көмек беруге дайын.
Мекен-жайымыз: Талас ауданы, Қаратау қаласы, Шейн №45а, көшесінің бойында орналасқан, байланыс нөмері: 8 (72644) 6-21-55,
8 707 155 83 98.
Ақнұр Жандосқызы,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар ісі жөніндегі аға
инспектор — психолог.