Home / Қоғам және заң / Әскери қызмет — әрбір азаматтың қасиетті борышы

Әскери қызмет — әрбір азаматтың қасиетті борышы

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде азаматтарды әскери қызметке шақыру кезіндегі проблемалық мәселелер белсенді талқылануда. Біздің елімізді қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы және конституциялық міндеті болып табылаты­нын (Конституцияның 36-бабы) жұртшылыққа жеткіземіз.
Жыл сайын Қазақстан Президенті азаматтардың әскер қатарына шақы­рылуын жариялайды. Оны ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдарға жүктелген және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заң­ға (бұдан әрі – Заң) сәйкес жүзеге асырылады. Әскерге ша­қы­руды кейінге қал­ды­руға немесе шақырудан босатуға құ­қығы жоқ 18-27 жас аралығындағы азаматтар шақыруға жатады (Заңның 31-бабы). Әскери қызметке шақыртылуға жататын азаматтар жергілікті әскери басқару органының шақы­ру қағазы бойынша шақыру комиссиясына келуге міндетті.
Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда оның келуін қамтамасыз ету тиісті ішкі істер органына жүктеледі (Заңның 30-бабы). Әскери міндетті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді де ішкі істер органдары жүзеге асырады (Заңның 17-б. 3-т.). Бұл ретте, әскери қызметтен жалтару Қылмыстық Кодекстің 387-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады, онда 1000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделген.
Баяндалғанды ескере отырып, азаматтарды саналы болуға, ал жұртшылықты жүргізіліп жатқан шақыру науқанына түсіністікпен қарауға шақырамыз.

Талас аудандық прокуратурасы.

About DevTeam

Check Also

Балаларға төлқұжат рәсімдеу

Маусым-шілде айлары дема­лыс­қа нағыз қолай­лы уақыт. Көптеген от­ба­сылар балала­рымен сая­хаттауды жөн көреді. Деген­мен, сапар алдында …

Добавить комментарий