Home / Қаржы / Жүз дау

Жүз дау

Қаратау қаласының тұрғыны Е. Жамбыл облысы Талас ауданының мүлікті жария ету туралы комиссиясының 2007 жылғы 27 наурыздағы №4906 шешімінің күшін жойып, жер телімінің аумағын анықтау туралы арызымен сотқа шағымданған.
Талап соттың қарауына қабылданып, талап қоюшының дау айтуға мерзімі қалпына келтірілген. Істі қарау барысында келесі мән-жайлар анықталды.
Талап қоюшы өзіне тиесілі үйді жер телімімен 2020 жылғы 14 та­мыздағы тұрғын үйді жер телімімен сату-сатып алу келісім — шартының негізінде сатып алған. Жер теліміне меншік құқығын беру туралы 2017 жылғы 31 шілдедегі мемлекеттік актісінде, оның мөлшері 0,0891 га деп көрсетілген.
Кадастрлық құжаттарға сәйкес, оның жер телімі мемлекеттік актіде көрсетілген шеңберде емес, іс жүзіндегі шеңберімен өлшенгені анықталды. Себебі, жер телімінің мөлшерін қайта анықтау кезінде оның көлемі кем болып шыққан. Яғни, оның пікірі бойынша, көршілес орналасқан жер телімінің иесі, көршісі Ш-ға мүлікті жария ету туралы комиссиясы 2007 жылғы 27 наурыздағы №4906 шешімімен оған тиесілі жер телімінің бір бөлігін заңсыз берген.
Сол себепті, талап қоюшы аталған шешімнің күшін жойып, өзіне тиесілі жер телімінің шеңберін қайта айқындап, мемлекеттік актіні жаңадан беруді сұраған.
Сотпен істі сот отырысында қарауға дайындық жүргізу барысында, сот, істің мән-жайларын толық анықтау мақсатында, жер телімдерінің орналасқан мекен-жайы бойынша барып, тараптардың, мамандардың қатысуымен әңгімелесу жүргізген. Оның барысында мамандармен екі көршілес орналасқан жер телімдері қайта өлшеніп, сызбалары қағаз бетіне түсірілген.
Істі сотта қарау барысында, Жамбыл облысы Талас ауданының мүлікті жария ету туралы комиссиясының 2007 жылғы 27 наурыздағы №4906 шешімінде талап қоюшының көршісі Ш-ға үйді жер телімімен қоса рәсімдеп беру туралы келісімін берген, бірақ жер телімінің мөлшерін, көлемін, шеңберін анықтап көрсетпеген.
Сотта жауапкердің жағында даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы Талас аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі өзінің тарапынан жіберілген қатені мойындап, талап қоюшы мен жауапкер Ш-ға берілген жер телімдерін қайта өлшеп, нақты шеңбері бойынша мемлекеттік актіні беруді міндеттенген.
Сол себепті, сот дау өз шешімін тапқандықтан, тараптармен ұсынылған дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерін бекіткен.
Яғни, талап қоюшыға бастапқы кезде берген мемлекеттік актісі құзырлы органмен өлшенбей, тексерусіз берілгені, сол себепті, мемлекеттік актідегі көрсетілген жер телімінің көлемі іс жүзіндегі жер телімінің мөлшеріне сәйкес келмейтіні анықталды. Демек, мемлекеттік мекеме өзінің құзыретін заң талаптарына сәйкес атқарған жағдайда, бұндай дау орын алмайтыны анық еді.
Л.Дүкенбаева,
Талас аудандық сотының судьясы.

About DevTeam

Check Also

Бәрімізге бәрібір ме?

Зеберкүл Шардарбекова, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Осы қазір білім сала­сын­да «мылтықсыз май­дан» жүріп жатқандай көрінеді …

Добавить комментарий