Home / Аймақ / Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді алу тәртібі

Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді алу тәртібі

  1. Қызметті онлайн алу
    Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұраным» батырмасын басыңыз.
    Барлық қажетті жолдарды толтырыңыз, құжаттарды тіркеңіз.
    Өтінімге ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
    Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) қалыптастырылған электрондық құжатпен және сұрау салудың нәтижесі туралы хабарламамен танысу.
  2. Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
    Өтініш. Болған жағдайда өтінішке сұратылған мәліметтерді растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.
    Көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін), өкілеттігін растайтын құжат не нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы сәйкестендіру үшін жеке куәліктің көшірмесін жасайды, содан кейін оның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады).
  3. Көрсетілетін қызметті алушы пошта арқылы жүгінгенде:
    Жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қойған, өтініш білдіруші туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін – тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жері, байланыс телефондары, заңды тұлға үшін – оның атауы, заңды мекен-жайы) көрсетiлген және сұрау салынған мәліметтерді іздестіруге қажетті ақпарат бар еркін нұсқада жазылған өтініш. Болған жағдайда сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелері өтінішке қоса беріледі.
  4. Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):
    Өтініш. Болған жағдайда өтінішке сұратылған мәліметтерді растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелері (мысалы: сұратылып отырған шешімнің, қаулының, бұйрықтың, келісім-шарттың немесе еңбек кітапшасының) қоса беріледі.
    Жеке басын куәландыратын құжат, немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін) және заңды тұлға үшін – өкілеттігін растайтын құжат не жеке тұлға үшін – нотариалды куәландырылған сенімхат (уәкілетті өкіл жүгінген кезде).
    Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
  5. Қызмет көрсету нәтижесі:
    Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәліметтерді растау жөніндегі архивтік анықтама, архивтік құжаттың көшірмесі немесе архивтік үзінді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіде сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) мемлекеттік сақтауда жоқтығы, сұрау салуды тиесілігі бойынша басқа мемлекеттік немесе ведомстволық архивке жіберу туралы жауаптар не қағаз/электрондық түрдегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Дайындалған жауаптарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы немесе «Электрондық үкімет» порталы арқылы қол жеткізуге болады.
    Қызмет құны тегін, қызмет көрсету мерзімі-11 жұмыс күні ішінде, қызметтің толық атауы-Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін неме­се архивтік үзінділерді беру». Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі бойынша Сіз құжатты тексе­ре аласыз және онлайн ақпарат ала аласыз. 1414 — Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу тегін.
    З.Шекербек,
    Талас ауданының мемлекеттік архивінің жоғары дәрежелі архивисті.

About DevTeam

Check Also

Есей би

Ел арасында фольклорлық мұралармен, ақын – жыршылар – мен бірге ел қорғаны болған батырлар, ел …

Добавить комментарий