Home / Аймақ / 2022 жылдың 1 сәуірінен зейнетақы, жәрдемақы мөлшерлерін арттыру туралы

2022 жылдың 1 сәуірінен зейнетақы, жәрдемақы мөлшерлерін арттыру туралы

2022-2024 жылдарға арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес 2022 жылғы 1 сәуірден бастап:

  1. 2022 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 4 %-ға алынған мөлшерінен артады.
    Жаңадан тағайындалған жасына байланысты зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін кірістің ең жоғары мөлшері 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 46 еселенген АЕК-тен (146 280 теңге) аспауы керек.
  2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2022 жылғы 1 сәуірден бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ең төменгі күнкөріс деңгейінің (әрі қарай – ЕТКД) жаңа мөлшеріне пайызбен белгіленеді.
  3. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері, оның ішінде медициналық-әлеуметтік мекемелерде және түзеу мекемелерінде тұратын адамдарға «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126 Заңының 12 және 16-баптарында көзделген мөлшерде, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап ЕТКД-нің жаңа мөлшерін ескере отырып белгіленеді.
  4. № 1 және № 2 Тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы, бала тууына байланысты бiржолғы төленетін мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтүміне төленетін мемлекеттік жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2022 жылғы 1 сәуірден бастап АЕК жаңа мөлшерін ескере отырып белгіленеді.
  5. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қорғаншыларға мемлекеттік жәрдемақы, бала кезінен 1-ші топтағы мүгедектің күтімін жүзеге асыратын отбасыларға (тұлғаларға) төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2022 жылғы 1 сәуірден бастап ЕТКД-нің артуына байланысты өседі.
    Б.Кадырова,
    Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Талас аудандық бөлімінің басшысы.

About DevTeam

Check Also

Есей би

Ел арасында фольклорлық мұралармен, ақын – жыршылар – мен бірге ел қорғаны болған батырлар, ел …

Добавить комментарий