Home / Аймақ / Өндірістік бақылау дегеніміз не?

Өндірістік бақылау дегеніміз не?

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту мақсатында азық-түлікті өндіру, жүзеге асыру, оны сақтау, тасымалдау барысында заңды және жеке тұлғалармен ұйымдастырылып өткізілетін эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды орындау кезінде санитариялық ережелерінің қадағалануын бақылауды өндірістік бақылау дейміз.
Оның қызметі 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 51-бабына сәйкес жүзеге асады.
Өндірістік бақылау ҚР ҰЭМ 6 маусым 2016 жылы № 239 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сай жүргізіледі.
Негізгі мақсаты – азық-түліктің сапасын және қауіпсіздігін сақтау, объектідегі санитариялық эпидемиологиялық жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету, тамақтан улану, жіті ішек жұқпалары және жұқпалы емес аурушаңдықтардың алдын-алу, объектідегі санитарлық заң бұзушылықтарға жол бермеу, заңнамада қарастырылған санитариялық-эпидемиологиялық іс-шараларды орындау және де тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану орындарында жүзеге асырылатын азық-түліктердің сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тамақ өнеркәсібі және қоғамдық тамақтану орындарында санитарлық ережелердің сақталуы және профилактикалық іс-шаралардың орындалуы, өндірістік бақылауды ұйымдастырып, жүзеге асыру жауапкершілігі кәсіпорын, ұйым, мекеме басшысына немесе жеке кәсіпкерге жүктеледі. Заңды тұлғада немесе жеке кәсіпкерде өндірістік бақылауды жүзеге асыруға жағдайы болмағанда, басқа ұйымдар арқылы келісім шарт бойынша белгіленген тәртіппен зертхана орталықтарымен бірге орындалады.
Өндірістік бақылауды қайда өткізуге болады?Кез-келген аккредиттелген зертханада келісім-шарт негізінде өткізуге болады.Бұл қанша тұрады?Өндірістік бақылаудың құны зерттеу көлеміне байланысты және тікелей зертхана прейскуранты бойынша қанша тұратыны анықталады.
Талас аудандық бөлімшесі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, жеке тұлғалармен, өнеркәсіптермен келісім-шарт жасай отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес әр түрлі деңгейдегі типтік номенклатураны жаңа типті құрал-жабдықтармен зерттеулерді ақылы жүргізеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің пайдалануға рұқсат етілген дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық дәрі-дәрмектердің жаңа түрлерін пайдалана отырып, жұмыстарды жүзеге асырамыз.
Біздің басты назарымыз адамдардың сұранысы мен қажеттіліктері туындаған жағдайда, басты бағыттарды ұдайы назарда ұстап, барлық қажетті жағдайларды туғызу болып табылады.
Сіздерді өз нысандарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты болуға шақырамыз!

Ғ.Қалабай
«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК ЖОФ Талас аудандық бөлімшесінің бастығы.

About DevTeam

Check Also

Есей би

Ел арасында фольклорлық мұралармен, ақын – жыршылар – мен бірге ел қорғаны болған батырлар, ел …

Добавить комментарий