Жаңа қондырғылар
іске қосылды
Қаратау құрылыс-техникалық колледжінде «WorldSkills College» — 2022 колледжішілік VI-шы чемпионаты мен «Жас маман» жобасы аясында жұмысшы құзіреттіліктері бойынша алынған қондырғы, машина — механизмдерді іске қосудың ашылу салтанаты өтті.
Жиынды құттықтау сөзбен ашқан колледж директоры Д.Маселбеков «WorldSkills College» чемпионатының жеткен жетістіктері жөнінде айта келе, «Жас маман» жобасы бойынша алынған қондырғыларды орналастыру мен іске қосуда атқарылған жұмыстарға тоқталып, чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Мекеме басшылары мен қонақтар 9 құзіреттілік бойынша өткізіліп жатқан чемпионат барысымен танысып, студенттердің әр құзіреттіліктің модульдік тапсырмаларын орындау шеберліктерін көріп, алдағы өтетін өңірлік чемпионатқа қатысты игі тілектерін жеткізді.
Одан ары 3 құзіреттілік — «Электромонтаж», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Жеңіл автомобильдерге қызмет көрсету» құзіреттіліктер бойынша шеберхана орталығына орналастырылған қондырғыларды іске қосу жұмысының ашылу рәсімі өтті.
Барлық алынған қондырғылардың жұмысымен танысқан мекеме басшылары мен қонақтар студенттер мен колледж ұжымына ғылыми-шығармашылық табыс тіледі.
Алмас Ильясов,
директордың оқу-өндірістік ісі
жөніндегі орынбасары.