Home / Аймақ / Елге ортақ түйткіл ескеріледі

Елге ортақ түйткіл ескеріледі

Нарбол ҚАШАҒАН, «talas tynysy».

Ойық ауылдық округі

Аудан әкімі Қанатбек Мәдібек Ойық ауылы тұрғындарымен кез­десіп, атқарылған жұмыстар туралы баян етті. Округте бүгінге дейін «Бейбіт би» көшесі жолын күрделі жөндеуден өткізуге тиісті құжаттары дайындалып, «Ауыл-ел бесігі» жо­басына ұсынылған. Сонымен қатар, «Майлыкөл» шабын­дығына су жаю бойынша «Жылуан» каналына қақ­па салуға бюджеттік өтінім беру үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлену үстінде. Ауылдың ауыз су жүйесіне арнайы фильтр орнатуға қатысты жұмыстар зерделенсе, ауылдағы спорт алаңшасына жасанды төсеніш төсеуге тиісті қаражат бөлінген. «Бөрібай» каналы бойынан ауыл ішіндегі шарбақтарды суғару үшін «ҚазСуШар» мекемесінің Ақкөл өндірістік бөлімшесіне арнайы ұсыныс хат жолданды. Бұл туралы есепті кездесу барысында Қанатбек Қайшыбекұлы айтып берді.
Басқосу барысында «Көпбосын» шаруа қожалығының төрағасы Ж.Көпбосын, ауыл тұрғындары Р.Төкебаев, Т.Атамқұлов ағын су мәселесіне және мал ұрлығына қатысты сауалдарын қойды.
Көтерілген түйткілдер бойынша аудан прокуроры Нұржан Әділов: — Өрістегі малды бақылауда ұстаула­рыңыз керек. Жеке қолдағы малыңыз бол­ған соң қарауларыңыз тиіс,-деп жауап берді.
Сонымен қатар, еңбек ардагері Болатжан Дуанбек шаруа қожалық­тарына пайдаланып отырған жерлерді қоршап алуға кеңес берді.

  • Егістік алқаптарын игеріп отырған шаруалар өз иегілігіне тиісті аумақты қоршап алғаны дұрыс. Егер мал кіріп шабындығыңызды немесе бақшаңызды отап тастаса, еңбегіңіз далаға кетеді. Ағайынның арасында да келіспеушілік орын алады. Мұндай жағдайлар әр ауылда кездеседі. Сондықтан, мәселенің алдын алу үшін иеліктегі жер аумағын қоршап алғанымыз жөн, — деді.
    Жиын соңында көтерілген мәселелердің назарда болатындығын алға тартқан аудан әкімі тұрғын­дармен арадағы байланысты арттыру үшін мұндай кездесулердің алдағы уақыттарда да жалғасатындығын жеткізді.

Кеңес ауылдық округі

Аудан әкімі Қанатбек Мәдібек Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің мәжіліс залында округ тұрғындарымен кездесті.
Жиында тұрғындар тарапынан көтерілген ұсыныстардың орындалу жайы баяндалды. «Бақтымбет» каналының бес шақырымын аршу және механикалық тазалау жұмыстары жүргізілмек. Ал, ауылдық клуб мәселесі мемлекеттік- жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асырылатын болады. Кеңес Одағының батыры Сәду Шәкіровтың туғанына биыл -100 жыл. Осы мерейлі датаға орай батыр атындағы көшеге жөндеу жұмыстары жүргізу ісі қолға алынбақ. Сонымен қатар, Көшек батыр ауылындағы кіші футбол алаңына төсенішін ауыстыру туралы да айтылмай қалмады. Қазір жобалық-сметалық құжаттары рәсімделіп, тиісті қаражат нақтылану үстінде. Мамыр айында спорт алаңына конкурс өткізу жоспарланып отыр. Одан бөлек, тұрғындар көкейінде жүрген ауыл маңынан мал өлексесін тастауға арналған биотермиялық шұңқыр қаздыруға қатысты тұрғындар сауалын Қанатбек Қайшыбекұлы назарда ұстайтындығын жеткізді.
Жиында атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты оң пікірлерін білдірген ауыл тұрғындары Абылай Қадырқұлов, Ержан Шеримов мәдениет ошағына және көше бағаналарына жарық орнату туралы ұсыныстарын білдірді. Көтерілген мәселе бойынша Қанатбек Мәдібек: -Көше жарықтары мен оның тазалығы, өзге де мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдеріне қаражат бөліп отырмыз. Әкімдік тарапынан тек әлеуметтік маңызы бар нысандардың маңайына ғана жарық орнатылады. Қажет деп санасы жеке сектордағы әр үй өз есебінен жарық орнатуға құқылы. Мұндай жұмыстарға біз жауапты емеспіз. Ауылға мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында клуб соғылады,-деді.
Жалпы, Кеңес ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көгілдір отын тартылғалы, елдің жағдайы жақсарып, қоныстануға ниет білдірген тұрғындардың қатары да артып келеді. Мұндай жаңалықпен жиынға келген жергілікті тұрғындар бөлісті.
Мұнан соң Қанатбек Қайшыбекұлы және аудан прокуроры Нұржан Әділов «Балалар жылына» орай Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі ұйымдастырған кешке қатысты. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берген аудан әкімі балалық шақтағы қызықты оқиғаларымен бөлісті.

About DevTeam

Check Also

Есей би

Ел арасында фольклорлық мұралармен, ақын – жыршылар – мен бірге ел қорғаны болған батырлар, ел …

Добавить комментарий