Home / Қаржы / ЕСЕП

ЕСЕП

Көтерілген мәселелер қараусыз қалмайды

Дүйсен МОЛДАҚҰЛОВ, Нарбол Қашаған, «TALAS tynysy».

Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің
халықпен кездесуін өткізу туралы 2022 жылғы 3-наурыздағы
№826 жарлығына сәйкес аудан әкімі Қанатбек
Мәдібек ауылдық округтер тұрғында­ рымен кездесу өткізді.

Бостандық ауылдық окургі

Бостандық ауы­лындағы Алғабас орта мектебінде аудан әкімі Қанатбек Мәдібектің тұрғындар алдындағы кезекті есебі еркін форматта өтті.

-Биылғы жылдың наурыз айының ортасында өздеріңізбен кездесіп, өткен жылы атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы өз есебімді берген болатынмын,- деді Қанатбек Қайшыбекұлы,- ендігі жерде Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес тоқсан сайын бас қосатын боламыз. Бір айдан сәл ғана асатын мерзім ішінде көп істер тындырдық деп айту қиын.
Дегенмен, бірқатар мәселелерді шешу жолдарын қарастырдық.
Мәселен, Бостандық ауылының ішкі көшелерін жарықтандыруға қатысты сметалық құжаттар әзірленбек, оптикалық интернет жүйесін, ұялы байланыс жылдамдығын арттыру бойынша кеңес өтіп, тиісті мәселе талқыланды. Ал, дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 5 млн. теңге қаржы қарастырылды.

  • Сонымен бірге, -деді сөзін жалғастырған аудан басшысы,-ағымдағы жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Бостандық ауылынан Сәбденбеков, Байжанов көшелерін және Оразбек, Жамбыл, Жұмабай, Б.Шаңбаев, С.Әбдиев көшелері, Б.Шаңбаев және Байжанов көшелерінің бұрылыстарын орташа жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары атқарылуда.
    Сондай-ақ, Талапты ауылындағы Әбдікерім, Мұзаппар, Исақұл, Итемген және Жүсіп ата көшелері мен бұрылыстарын орта жөндеуден өткізуге тиісті қаржы қарастырылып, мұнда да сатып алу жұмыстары жүзеге асуда.
    Аудан әкімі жиналғандарды учаскелік инспекторға үй алу үшін 2 млн. теңге, Бостандық ауылына 5 жерден бейнебақылау камераларын орнату үшін де 2 млн. теңге бөлінгенінен көпшілікті хабардар етті.
    Келесі кезекте ауыл тұрғындары өз өтініштерімен талаптарын ортаға салды.
    Ауыл тұрғыны Жаңабай Есімовтің ауылдағы малдарға қажетті жайылымдыққа байланысты сұрағына аудан басшысы:
    -Мемлекет мұқтажындағы жерлер ендігі жерде аукционға шығарылмайды. Жерге қатысты барлық ауылдық округ әкімдерінің кеңсесінде арнайы түсірілген карта ілулі тұр. Содан танысуларыңызға болады.
    Бұл жерде сіздердің назарларыңызды мына бір мәселеге де аударғым келеді.
    Қазір белгіленген норма бойынша қолдарында 100-ден аса малы бар тұрғындар оларды ауылдан тыс жерлерге шығарулары керек,- деді.
    Әділхан Тойшыманов пошта ғимаратына газ желісі тартылмағанын, ал «Тойшыман» шаруа қожалығының төрағасы малды ауылдағы үйіне қойылған күн сәулесінен қуат алатын панельдерді әлдекімдердің ұрлап кеткенін және интернет желісінің төмендігі туралы тілге тиек етті.
    -Пошта ғимаратын газ желісіне қосу біздің құзыретімізге кірмейді, өйткені ол біздің теңгерімде емес және басқа салаға бағынышты мекеме.
    Ал, панельдердің ұрлығына қатысты іспен құзырлы органдар айналысады. Оптикалық интернет желісі әлеуметтік мемлекеттік мекемелерге, яғни мектеп, балалар бақшасы, дәрігерлік амбулаторияларға ғана қарастырылған. Жеке тұрғындарға арналмаған,-деп жауап берді Қанатбек Қайшыбекұлы.
    Қалдар Төребековтың үстіміздегі жылдың қаңтар айында ұрланған 6 бас сиырына қатысты сауалға аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Бағлан Сыздықов жауап берді.
    Сондай-ақ, Досымжан Жанысбеков өнер мектебінің қажеттігі, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрғазы Шәріпбаев балалар бақшасының тарлығы жөніндегі өтініштеріне қатысты тиісті жауаптар берілді.
    Жиында төменгі Шу бойынан тұз артқан ауыр жүк көліктері осы елді мекеннің ішіндегі жолдармен өтетінін, соның салдарынан жолдар бүлініп жатқандығы жөнінде де айтылды.
    -Алдағы уақытта ауылға 5 бейнебақылау камералары қойылатыны айттық. Сол арқылы ауылға кіріп-шыққан бөгде көліктерді де бақылай аламыз. Мұның мал ұрлығына қатысты да септігін тигізері анық. Және ауыр жүк көліктеріне қатысты қосымша жол белгілерін де қоямыз,- деді аудан басшысы.
    Сұрақ-жауаптан соң жиынды қорытындылаған Қанатбек Қайшыбекұлы:
  • Сіздердің өтініштеріңізге орай арка мен саябақты абаттандыруға қажетті ұсыныс береміз. Алдағы уақытта жиі кездесетін болдық қой, қашан да сіздердің талап-тілектеріңізді тыңдауға, назарға алуға әзірмін.
    Жиын соңында азаматтарды жеке қабылдау да жүргіземін. Елдің мұқтажы ескерусіз қалмайды, — деді.
    Жиынға аудандық мәслихаттың хатшысы Қадірбек Садубаев және аудан прокуроры Нұржан Әділов қатысты.

About DevTeam

Check Also

Жүз дау

Қаратау қаласының тұрғыны Е. Жамбыл облысы Талас ауданының мүлікті жария ету туралы комиссиясының 2007 жылғы …

Добавить комментарий