Home / Аймақ / Қайырымдылық қорының шапағаты

Қайырымдылық қорының шапағаты

Нарбол Қашаған, «Talas tynysy».

Жақсылық жасап, мұқтажға жәрдем беру-көшелі жанның ісі, ісіліктің көрінісі. Осы бір адами қағиданы сақтаған «Қаратау» айырымдылық қоры тағы бір сауапты іске ұйытқы болды. Бұл жолы аталған қор өкілдері «Елге көмек» қайырымдылық қорымен бірлесіп, көпбалалы отбасына баспана кілтін тапсырды.

Жалпы, «Елге көмек» қайырымдылық қоры­ның орталығы Алматы қаласында орналасқан. Ал, Тараздағы филиалын жомарттығымен танымал Дәурен Баубеков басқарады.
Биылғы жылдың өзінде аталған қор өңірдегі тұрғын жайға мұқтаж 25 отбасының жаңа қоныс­қа көшуіне себі тиген. Атауына жасаған ісі сай, атымтай азаматтардан құралған қор өкілдері бұл жолы 6 баланың анасы Бәтима Қаңтарбаеваның арманына қол жеткізді. Көпбалалы анаға бұйыр­ған 4 бөлмелі пәтер қаладағы Б.Момышұлы көшесінде орналасқан.

Құны 3 млн. 900 мың теңге. «Елге көмек» қайырымдылық қорының өкілі Нұржан Мүсірепбаевтың айтуынша, бұған дейін олар денсаулығы сыр берген балаларға көмек қолын созумен келген. Баспанаға мұқтаж жандарға бақыт сыйлағандарына да көп болмаған көрінеді.
Қоныс той қуанышына ортақтасқан қала әкімі Дархан Баймбетов көпбалалы отбасына тұрмыстық техниканы тарту етсе, «Елге көмек» қайырымдылық қоры Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дәурен Баубеков бастаған азаматтар ізгі лебізін білдірді.
Мұндай тосын сыйды күтпеген пәтердің жаңа иесі көңілі босап, көмек қолын созған көпке ризашылығын білдірді.

  • 3 қыз, 3 ұл тәрбиелеп отырған жалғызбасты анамын. Ғұмырыңды бірге өткізген жан-жарыңды қара жер қойнына тапсыру кім-кімге де оңай емес. Оның қазасы қабырғамызды қайыстырып кетті. Қайырымды азаматтардың арқасында арманымызға қол жеткізіп отырмыз. Мұқтаж отбасыларына жәрдемін тигізіп жүрген жандарға алғысым шексіз,-дейді Б.Қаңтарбаева.
    Бұған дейін «Қаратау» қайырымдылық қорының бастамасымен жеке сектордан көпбалалы отбасына пәтер кілті тапсырылғаны туралы жазған болатынбыз. Аталған қор өкілдері мұндай шарапатты шараның әлі де жалғасатындығын айтады.

About DevTeam

Check Also

Есей би

Ел арасында фольклорлық мұралармен, ақын – жыршылар – мен бірге ел қорғаны болған батырлар, ел …

Добавить комментарий