Home / Аймақ / Қасиетті айдағы қайырымдылық

Қасиетті айдағы қайырымдылық

Нарбол Қашаған, «Talas tynysy».

Жақсылықтың үлкен-кішісі бол­майды. Көмекке мұқтаж жандарға көрсетілген жәрдемнен үлкен сауап та жоқ.
Адамның кеңдігі мен кісілік қасиеті де осы өнегелі іспен өлшенеді. Аудандағы «Қаратау» қайырымдылық қорының шапағаты талай жанға тиюмен келеді. Індетке байланысты шектеу шаралары енгізілгенде ерікті жастардан құралған аталған қор өкілдері көпбалалы және аз қамтыл­ған отбасыларына қайырымдылық көмектерін көрсетіп, көпшіліктің ризашылығын алған да болатын.
Біржан Сахиев жетекшілік ететін қайырымдылық қорының қазір 9 мүшесі бар. Сауапты адамға қуаныш сыйлаудан, табысты алғыстан іздеген олардың алға қойған жоспарлары да ауқымды. Қазір қайырымдылық қоры демеушілер тарту арқылы мұқтаж от­басыларын баспанамен қамту ісін қол­ға алған. Күні кеше «Қаратау» қайы­рымдылық қоры көпбалалы от­ба­­сы­на жеке сектордан тұрғын жай алып беріп, жақсылықтың үздік үл­гісін көрсетті.
Дуанаевтар отбасындағы қуаныш­қа шымкенттік Ғани Нұржігітовтың қосқан үлесі аз емес. Ол демеушілік көмегін танытып, сауапты іске сеп болды. Қайырымды істердің қашан да қасынан табыла білетін азаматты жұртшылық — «Ғани ангина» ретін­де таниды, әлеуметтік желіде де осылай тіркелген. Халық емін қолдану ар­қылы, баспа, өзге де ауруларды жаза­тын емшінің мұқтаж отбасыла­ры­ның көбіне көмегі тиген. Бұл жол­ғы қайы­рымдылық та сол жарқын істердің жалғасы.
Ә.Молдағұлова көшесінің (те­мір жолдың арғы беті) бойында ор­наласқан бес бөлмелі үйдің кіл­тін тап­сыру рәсіміне аудан әкімі Қанатбек Мәдібек, қала әкімі Дархан Баймбетов, ауданның бас имамы Жалғас Жұбатқанов және «Қаратау» қайырымдылық қорының өкілдері қатысты.
Жалпы, көпбалалы отбасына тапсы­рылған баспанаға бұған дейін қайырымдылық қоры тарапынан жөн­деу жұмыстары жүргізіліп, тұрмыстық жиһаздар алынса, өз кезегінде аудан әкімі қуаныш иесіне тұрмыстық техниканы тарту етті.

  • Отбасында 5 қыз, 1 ұл тәрбие­леп отырмыз. Баспаналы болу от­ба­сымыздың көптен бергі арманы бо­латын. «Қаратау» қайырымдылық қо­­ры­на рахмет. Жағдайымызды түсініп, көмегін берді. Жаңа үйге әсіресе, балаларымыз шексіз қуанып жатыр. Атсалысқан, барша азаматтарға алғыс білдіремін. Осындай қуаныш баспанаға мұқтаж өзге отбасыларына да бұйырсын,-дейді отағасы Әлібек Дуанаев.

About DevTeam

Check Also

Есей би

Ел арасында фольклорлық мұралармен, ақын – жыршылар – мен бірге ел қорғаны болған батырлар, ел …

Добавить комментарий