Home / Аймақ / Спорт алаңшасы жаңғыртылды

Спорт алаңшасы жаңғыртылды

«Tt»-ақпарат».

Спортпен шұғылдануды қалыпты әдетке айналдырып, салауатты өмір салтын ұстану үшін ауладағы спорт алаңдарының тигізер әсері мол. Бұл өз кезегінде жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне сеп болмақ. Бүгінде қалада осындай 74 спорт алаңы бар. Бұл орта мектеп аумағындағы нысандарды қосқандағы көрсеткіш.
Соның бірі — 3-ші мөлтек ауда­нындағы №51 үйдің ауласындағы балалар спорт алаңшасы. Көппә­терлі үй қайта жаңғыртудан өт­­кен­де аталған нысан да бірге пайдалануға берілген бола­тын. Алайда, оның қоршауы бол­ғаны­мен, қажетті жұмыстары толы­ғы­мен аяқталмаған еді. Енді міне, осы балалар спорт алаңы қайта жөндеуден өткізілді. Онда орын­дықтар қойылып, жарық шам­дары орнатылды. Қоршауы қайта сырланды. Бастысы, алаңға жасан­ды жасыл төсеніш төселіп, қақпа және қақпаның торы жаңар­тылды. Жасалған жұмыстарға әсі­ресе, сол маңдағы көппәтерлі үй­дің балалары шексіз қуанышын білдірді.
Ауладағы қайта жаңғыртылған спорт алаңшасының ашылу салтана­тына аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Әбдібекова, қала әкімі Дархан Баймбетов, аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Шыңғыс Рысбек қатысты.

About DevTeam

Check Also

Есей би

Ел арасында фольклорлық мұралармен, ақын – жыршылар – мен бірге ел қорғаны болған батырлар, ел …

Добавить комментарий