Home / Қаржы / 579,7 млн. теңгеге 29 жоба жүзеге асты

579,7 млн. теңгеге 29 жоба жүзеге асты

Облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың бастамасымен облыста «Жомарт түлек» жобасы қолға алынған болатын. Ағымдағы жылдың 25 мамыры күні «Жомарт түлек» форумы Қаратау қаласында ұйымдастырылды. Форумға елімізге белгілі тұлғалармен қатар, қайырымды істерге ұйытқы болып жүрген кәсіпкерлер қатысты. Форумда кәсіпкер Досан Рымтаев Қаратау қаласындағы «Қаратау» қонақ үйін халықтың игілігіне тегін тарту етті.
Бүгінгі күні «Жомарт түлек» сайтына 14897 түлек тіркелген. Түлектер туған ауылдарына, оқыған мектептеріне келіп оқушылармен, ауылдастарымен кездесулер өткізуде.
Жерлесіміз, жеке кәсіпкер Алпамыс Бақытұлы Жамбыл облысы бойынша 2019 жылдың жас меценаты атанды. 2021 жылдың облыс бойынша «Туған өлке» наминациясымен тағы бір жерлесіміз Еркімбек Қуатбеков марапатталды.
2021 жылы «Жомарт түлек» және «Туған жер» жобалары аясында 579,7 млн. теңгеге 29 жоба жүзеге асты.
Атап айтқанда, Ақкөл ауылдық округінде 20 жылдық түлектердің демеушілігімен «Тәуелсіздік аллеясы» (жоба құны 7 млн. теңге), 10 жылдық түлектердің демеушілігімен «Түлектер аллеясы» ашылды (жоба құны 3 млн. теңге). 30 жылдық мектеп түлектерінің демеушілігімен Ы.Алтынсарин мектебінің алдын абаттандыру жұмыстары жүргізілді (жоба құны 2 млн. теңге).
Аққұм ауылдық округінде ауыл тұрғындары И.Отаров, Д.Шобаев және А.Жамбайбеков «Тұңғатар ата» мешітінің шатырын жөндеп, жылы еден және пластик терезе салып берді (жоба құны 2,6 млн. теңге).
С.Шәкіров ауылдық округінде 20 жылдық мектеп түлектерінің демеушілігімен Ш.Смаханұлы атындағы орта мектептің ауласына ағаш отырғызып, STREET WORKОUT алаңшасы берілді (жоба құны 2,3 млн теңге). Сондай-ақ, ауыл азаматтарының демеушілігімен Тамабек ауылында орналасқан зират қоршалды (жоба құны 15 млн. теңге). Кәсіпкер, меценат Талғат Жолтаевтың демеушілігімен С.Шәкіров ауылдық округіне қарасты Тамабек ауылындағы «Жолтай ата» атындағы атшабар соғып берді. (жоба құны 12 млн. теңге).
Берікқара ауылдық округі Майтөбе ауылына кіші футбол және STREET WORKОUT алаңшасының құрылысы жеке кәсіпкер Еркімбек Сұлтанбековтың демеушілігімен жүзеге асты (жоба құны 19,2 млн теңге).
Ойық ауылында мектеп бітірген 10 жылдық түлектерінің демеушілігімен ауыл кіреберісін абаттандыру және киіз үй соғу жобасы жүзеге асты (жоба құны 1,5 млн. теңге). Тұрымқұл ауылында «Аралбек» шаруа қожалығының төрағасы Ерлан Аралбековтың демеушілігімен «Мәңгілік алау» мемориалды ескерткіші (жоба құны 5,5 млн. теңге), ауыл тұрғындарының демеушілігімен және «Нұртас» шаруа қожалығының төрағасы Сәрсен Нұрдаулетпен бірлесіп «Балалар ойын алаңы» (жоба құны 3,5 млн. теңге) және “Бастаубай” шаруа қожалығының төрағасы Ғалым Бастаубаевтың демеушілігімен “Су бұрқағы” пайдалануға берілді (жоба құны 2,5 млн. теңге). Ойық ауылдық округінде Мақұлбек Жапарбекұлының демеушілігімен «Ойық Баба» мешіті тұрғызылды (жоба құны 80 млн. теңге). Мадияр Дүйсенәліұлының бастамасымен Тұрымқұл ауылының қорғандарға қоршау жүргізді (жоба құны 1,5 млн. теңге), Шапағат Боранқызының бастамасымен балалар ойын алаңшасы соғылды (жоба құны 500,0 мың теңге) Әбдінайым Сүннәтілләұлының бастамасымен Сейілбек ауылының кіреберісіне арка жасалынды (жоба құны 1,2 млн. теңге).
Жеке кәсіпкер Алпамыс Бақытұлының демеушілігімен Қаратау қаласында 350 адамға арналған «Әбдірашит ата» мешіті халық игілігіне берілді (жоба құны 150,0 млн. теңге). Бостандық ауылының тұрғыны Талапты ауылындағы «Мұзаппар ата» мешітінің алдына бастырма соғып, ішкі бөлмелерінің еденіне заманға сай жылу жүйесін жүргізіп берді (жоба құны 5,0 млн. теңге). Жеке кәсіпкер Алпамыс Бақытұлының демеушілігімен Көктал ауылындағы М.Жұмабаев атындағы орта мектепке мектептің атауын жасау, абаттандыру жұмыстарын жүргізілді (жоба құны 1,0 млн. теңге). 2021 жылдың соңына дейін Қызыләуіт ауылдық округінде «Бірлік» шаруа қожалығының төрағасы Ж.Сұлтанбековтың демеушілігімен спорт зал және монша беріледі деп жоспарлануда (жоба құны 150,0 млн. теңге). Кеңес ауылдық округінің тұрғыны Н.Қосыбаев футбол алаңын қоршады (жоба құны 2,0 млн. теңге), С.Бекбаев Бөлтірік шешен ауылына көкпар төбесіне шартақ орнатты (жоба құны 2,5 млн. теңге), Жамбыл орта мектебінің түлегі Б.Қасым STREET WORKОUT алаңшасын соғып берді (жоба құны 1,0 млн. теңге). Жеке кәсіпкер В.Васильев Бөлтірік ауылы­ның кіреберісіне стелла салды (жоба құны 2,0 млн. теңге). Қасқабұлақ ауылын­да жеке кәсіпкер Нұржан Әбілханұлының демеушілі­гімен мешіт соғылуда (жоба құны 45,0 млн. теңге). Қаратау ауылдық округі Қаратау орта мектептің түлектері интерактивті тақта тарту етті (жоба құны 1,2 млн теңге). Тамды ауылында кәсіпкер, облыстық мәслихатының депутаты Ж.Танкебаев 2 үйге газ кіргізіп берді (жоба құны 700 мың теңге). Үшарал ауылында Ә.Сағынтаев атындағы орта мектебінің спорт залына жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, оқу жылы ішінде өткізілген іс-шаралар нәтижесінде, түлектер өздері оқыған мектептеріне мектеп сыртын қоршап, спорттық инвентарлар, музыкалық аппаратура және тағы басқа мектепке қажетті заттар алып беріп, көмектесті. Іс — шара барысында 7 млн. 700 мың теңгеге демеушілік көмек көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қайырымдылық көмек көрсету барысында Талас ауданының «Нұр – Тау» қоғамдық қоры арқылы 5 000 000 теңге бөлінді.
2021 жылдың 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Қаратау қаласы (50 отбасы) және ауылдық округтердегі (65 отбасы) 115 аз қамтылған отбасылар тізімі жасақталып, қайырымдылық азық түлік себеті таратылды.

  • Ойық ауылындағы Ж.Айтқұлов көшесі №1 үйдің тұрғыны Борбасова Айжамал (көпбалалы ана) аудан әкімінің жеке қабылдауында болып, үйінің құжаттарын рәсімдеуге көмек сұраған. Бүгінгі таңда көмек беріліп, үйдің құжаттары рәсімделді.
    Қаратау қаласы 3-мөлтек аудандағы 41-үй 31-пәтердің тұрғыны Каттабекова Мамура (көпбалалы ана) аудан әкімінің жеке қабылдауында болып, тұрып жатқан пәтердің 2 терезесі және балконына темір тор (решетка) орнатып беруге көмек сұраған. Темір торлар орнатылды. Сонымен қоса, кіреберістегі темір есігі ескіруіне байланысты жаңа темір есік орнатылып берілді. Тамды әулие көшесіндегі №150 үйдің тұрғыны Қонарбеков Әсет Әбдірәсілұлы аудан әкімінің жеке қабылдауында болып, жеке үйіне 156 метр газ трубасын сатып алып беруін сұраған. Газ трубасы сатып алынып берілді. Және де Рысбек батыр көшесіндегі №3 үйдің тұрғыны Байтемирова Айда Сейткаримовна аудан әкімінің атына жеке үйіне газ кіргізуге өтініш білдіріп, көмек сұраған. Өтініші қаралып, 96 метр газ трубасы сатып алынып берілді.
    Аудандық орталық мешіттің асханасына жылу жүйесін жүргізуге материалдар алынды. Бостандық ауылы Ж.Жабаев көшесі №40 үйдің тұрғыны Ділдәбай Шыңғысқа (2-топ мүгедек) жылжымалы электрондық қоларба алып беруге Талас аудандық Билер кеңесінің төрағасы Сәулембай Әбсадықұлы ұсыныс беріп сұраған. Жылжымалы электрондық қоларба сатып алынып, берілді.
    Қаратау қаласының көмірге мұқтаж тұрғындардың тізімі жасалынып, 7 отбасыға 13 тонна көмір таратылды.
    Сонымен қоса, Қаратау қаласы, Т.Рысқұлов көшесі №2 үй 31-пәтердің тұрғыны Тошходжаева Захида Халхужаевна (көпбалалы ана) аудан әкімінің жеке қабылдауында болып, 1 бөлмелі пәтерінде жылу трубалары жоқтығын, ванна бөлмесінде есік, ішінде ванна, унитаз жоқтығын, еденің қайта қалпына келтіруін, газ жүйесін тартып газ плитасын алып беруге, үйдің ішін әрлеуге және пәтердің құжаттарын рәсімдеуге көмек беруін сұранған болатын. Аудан әкімі демеушілерді тарта отырып, аталған мәселелердің бәрі толығымен жүзеге асты.
    Ата-ананың қамқорлығынан айырылған 5 баланың қамқоршысы Тапелова Алтынайға аудан әкімі тарапынан кір жуу машинасы сыйға берілді. Қаратау қаласы және ауылдық округтердегі 395 аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға демеушілік тарапынан 15,5 млн. теңгеге азық-түлік, ет таратылып, қысқы мал азығы, оқу жылына қажетті құрал-саймандар қайырымдылығы жасалынған. Көктал ауылының 30 отбасына Кенже Жарұлының демеушілігімен 100 тонна көмір таратылып, қайырымдылық жасалды.
    2022 жылы Бостандық, Берікқара, С.Шәкіров және Ақкөл ауылдық округтерінде құны 89 млн. теңгені құрайтын жаңа жобалар іске асыру жоспарлануда. «Бостандық ауылдық округінің жеке кәсіпкері С.Абдировтың бастамасымен ауылға монша, наубайхана, шаштараз, шағын сауда орталығын ашу жобасы 80,0 млн. теңге жоспарлануда.
    Берікқара ауылдық округі Майтөбе ауылында жеке кәсіпкер Еркімбек Сұлтанбековтың демеушілігімен валейбол және баскетбол алаңшасын соғу жоспарлануда. Жоба құны 1 млн. теңге. Сонымен қатар, С.Шәкіров ауылында 2 нөмерлік монша және шаштараз ғимараты, Тамабек ауылында музей соғылып, оны халық игілігіне беру жоспарлануда.
    Ақкөл ауылдық округінде 30 жылдық түлектер Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің алдына түлектер саябағын соғу (жоба құны 5,0 млн. теңге), 20 жылдық түлектер көмегімен балалар аланың аумағын кеңейтіп, жеміс талдар егу жоспарлануда. (жоба құны 3 млн. теңге).
    Жомарт жандардың демеушілігімен бұдан басқа да нысандар пайдаланылуға берілуде. Мысалы, тұрмысы төмен отбасыларына «Асарлатып үй салу» жобасы ойдағыдай жүзеге асырылуда. Қаратау қаласында іргелі жобалар да қолға алынып, «Тәуелсіздік» саябақтары соғылды. Көпқабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеу көріп, пәтер кезегіндегі тұрғындарға берілуде.
    Бір сөзбен айтқанда, осының барлығы елдің бірлігін көрсетеді. Ойымызға алған «Отыз жылдыққа – отыз игі» іс жобасының асыра орындалуы да қуаныш әрине.
    Жақсы істің жалғаса беретіне еш күмәніміз жоқ.

Роман Қырықбаев,
аудан әкімінің орынбасары.

About DevTeam

Check Also

Интересные факты из истории становления отечественной государственной службы

История развития человеческого общества наглядно показывает, что становление демократического, правового и социального государства невозможно без …

Добавить комментарий