Home / Аймақ / «Тәуелсіздік тағылымы» — елдіктің дара жолы

«Тәуелсіздік тағылымы» — елдіктің дара жолы

Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығы қарсаңында Тұң­­ғыш Президент сайтында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш­ұлының қаламынан туған «Тәуелсіздік тағылы­мы» мақаласы жарық көр­­­ді. Онда Қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихы туралы жан-жақты баяндалады, елі­міздің 30 жыл ішінде жет­кен жетістігі мен алған асу­ларына, бағындырған белестеріне объективті ба­ға береді.«Торқалы той қарсаңында тәуелсіздіктен тағылым алу» мақсатында туған халқымен сыр бөлісу­дің тетігі іспеттес бұл ма­қа­­­ла­да қазақи таным мен болмысымызға сай бос­­тан­дық пен азаттықтың рухы демеп, егемендіктің еңселі биігіне бір жеңнен қол, бір жағадан бас шыға­рып, біртұтас ұлт ретін­де жет­кеніміз туралы айтылады.
Елбасы «Ақтабан шұбырындыдан» бастап, Ұлы Отан соғысы салған жара, тың игеру кезіндегі үдере көшкен қазақтардың жағдайы мен әуелгідегі Алаш зиялылары тұсындағы аза­маттық соғыс пен саяси қуғын-сүргін құрбандарының басынан өткен сынақтар мен қаралы кезеңдерді келер ұрпақ санасынан өшірмей, әрқашан жадында сақтап жүруі тиіс екенін атап өтті. Бұлөскелең ұрпақтың ел тари­хын құрметтеп, мақтан тұтып, өткеннің қателігінен өзіне сабақ алу үшін ауадай қажет.
Тұңғыш Президентіміз өзінің салиқалы өмірлік тәжірибесімен бөлісе отырып, жастарды еңбекқор болуға, отбасын асырап-бағуда ба­рынша күш-жігер салуға және оның әл-ауқатын арт­тыру арқылы елге қызмет етуге шақырды. Мақалада Тәуелсіз Қазақстанның басты құн­дылығы оның халқы екені атап өтілген, төл та­рихымыздың жадынамасына ұқсайтын мақала ұрпақтар сабақтастығын жалғауға себеп­кер болары анық. Орыс басқыншылығына ұшырап, туған топырағын тастап өзге елге жер аударуға мәжбүр болған, бөтен елде «жетім баланың» күйін кешкен қаншама қазақ қандас­тарымызды елге қайтарып, халық санын көбейтіп, демографиялық ахуалды мейілінше жақсартудағы Елбасының еңбегі ерен, қажымас қайсарлығы зор.
Мақалада Нұрсұлтан Әбішұлы өткеннің өксікті мезеттері ғана емес, сондай-ақ, еліміздің өніп-өсуі, өркениетті озық елдердің қатарына жету жолындағы даму стратегиясы туралы да өз пікірімен бөлісті. Елбасының бұл туындысы тарам-тарам тарих беттерінен ғана сырт шертіп қоймай, біздерге, яғни халқымыздың үміт артар ертеңі мен бола­шағын құрайтын жастар үшін еліміздің еселі жеңістерін еске салатын үстел кітабына айналады деп ойлаймын.
Тоқсан ауыз сөздің тобық­тай түйінін Прези­ден­тіміздің сөзімен тұжырымдағым келеді: «Тәуелсіздікке бе­рік ір­гетас болып қалан­ған бабаларымыздың асыл мұраты – ерлік пен елдігі­мізден күш-қуат алып, әрдайым алға баса берейік».
Абиламит Ахметов,
«ҚазСуШар» РМК
Жамбыл филиалы,
«Ақкөл» өңдірістік бөлімшесінің бастығы, аудандық мәслихат депутаты.

About DevTeam

Check Also

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпора­циясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның құра­мын­да «Азаматтарға арнал­ған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» …

Добавить комментарий