Home / Аймақ / Қоғамдық қорға қаржы аударды

Қоғамдық қорға қаржы аударды

Жақында ғана Үшарал ауылында 100 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілген Әбдір Сағынтаевтың кейінгі ұрпақтары қашанда қайырымдылық шараларының бел ортасында жүреді. «Туған жерге туыңды тік» — деген қағиданы берік ұстанған Әбдір ағаның балалары әр кез игі бастаманың ұйытқысы болып келеді.
Кеше аудандық әкімдікте «Азия газ құбыры» ЖШС-нің бас директоры Ғалымжан Сағынтаев тұрмысы төмен, көпбалалы аналарға көмектесу мақсатында ауданымыздағы «Нұр-Тау» қоғамдық қорына 5 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.
Сертификатты серіктестіктің аға инспекторы Бегалы Ералиев және қызметкерлер Жанар Шаймұханова мен Айжан Камалбек арнайы келіп, аудан әкімі Қанатбек Мәдібек пен «Нұр-Тау» қорының төрағасы Ақынбек Бектайға табыс етті.

About DevTeam

Check Also

Билер тәжірибе алмасты

Елді мекендердегі Алқа билердің жұмыстары жылдан-жылға жанданып келеді. Олар халық арасында бірлік пен ынтымақты нығайтуда, …

Добавить комментарий