Home / Аймақ / Көріктігі көз тартатын саябақ

Көріктігі көз тартатын саябақ

Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздігінің 30 жылдық
мерекесіне орай Қаратау
қаласындағы 3 – мөлтек ауданда
қайтадан күрделі жөндеуден өтіп
жатқан № 15 көпқабатты тұрғын
үй алдынан соғылған «Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігіне
30 жыл» атты көркіне көз тоятын
саябақтың ашылу салтанаты
болып өтті.
Салтанатты шараға облыс әкімі
Бердібек Сапарбаев,
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің депутаты
Гүлдара Нұрымова, «ҚазФосфат»
ЖШС – нің Бас директоры
Нұрхан Нұрланов және қала
тұрғындары қатысты.

Сөз кезегін бастаған облыс басшысы Бердібек Сапарбаев бір кездері сәні кеткен Қаратаудың жыл өткен сайын түлеп, жасарып келе жатқанын, мұндай игілікті істер әлі де жалғасын таба беретінін баяндап:

  • «Қазфосфат» ЖШС-нің демеушілігімен салынған мына саябақтың құны 80 миллион теңгені құрайды. 1,15 гектар жерді алып жатқан саябақтың ұзындығы – 350, ені 20 метр. Саябақ алаңында брусчаткалар мен рәзіңке жабындылар төселіп, талапқа сай орындықтар, жарық бағаналары, балаларға арналған әткеншектер мен кіші футбол, баскетбол алаңдары орналасқан.
    Осы саябақтың аяғына дейін жүзеге асырған мердігер «Diveev» ЖШС-не сіздердің аттарыңыздан алғыс айтуға рұқсат етіңіздер, — деп, облыс экономикасының жылдан — жылға дамып, тұрғындар әл – ауқатының көтеріліп келе жатқанына тоқталған Бердібек Мәшбекұлы келешекте тағы да қосымша фосфор өңдеу зауыты соғылып, онда 300 жұмыс орны ашылатынын, ал зауыт жылына 1 миллион тонна өнім өндіретінін де жеткізді.
    Ал, «Қазфосфат» ЖШС – нің Бас директоры Нұрхан Нұрланов: — Бүгін біздің Қаратау қаласының тұрғындары қуанышты сәттің куәсі болып отыр. Ашылғалы отырған саябаққа біздің компания да өз қолтаңбасын қалдырды.

Алдағы уақытта бұл қаланы дамытуға арналған бірқатар жобаларды қолға алмақ, — деді.
Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Қазфосфат» ЖШС-нің ардагері Жұмабек Әсемов те мына саябақтың қала ажарын ашып тұрғанын, енді ата – аналар балаларын ойын алаңдарында ойнатып, өздері осында демалатынын айтып, саябақты таза ұстап, оны одан әрі абаттандыруға үлес қосуы керектігін де түсіндіріп өтті.
Құттықтау сөздерден кейін осы саябақтың жұмысына белсене ара­ласып, оның өз мерзімінде аяқ­та­луына үлес қосқан бірқатар азамат­тар облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Ең шешуі сәт — саябақтың лен­та­­сын Нұрхан Нұрланұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова мен Жұмабек Әсемов қиып, келген қонақ­тар саябақ ішін тамашалады. Спорт алаң­дарындағы балаларға доп­тар үлес­тіріліп, жиын соңы Ұлби­ке ақын атын­дағы мәдениет орта­лы­ғы әншілерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

About DevTeam

Check Also

ГАЗДЫ ТҰРМЫСТА ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Табиғи газ адамдар үшін қауіптің ықтимал көздері болып саналады. Тұрмыста пайдаланылатын метан және сұйытылған газ …

Добавить комментарий