Home / Аймақ / «Тамаша неткен Таласым менің»

«Тамаша неткен Таласым менің»

Таразда аудан күні өтті

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты бағдарламалық
мақаласы аясында, Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігінің 30
жылдығына орай «Туған жерім-дархан
далам» тақырыбында Тараз қаласында
Талас ауданының күні өтті.

Бекітілген жоспарға сәйкес алдымен облыс ор­­та­­лығындағы «Баласағұн» орталық концерт за­лының алдында ауданның ауыл шаруашылығы өнім­дерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда ауданнан 300 келі жылқы, 250 келі сиыр, 500 келі қой еті, 2,0 тонна картоп, 1 тонна көкөніс, 300 келі сүт және 200 келі балық өнімдері қойылды. Сондай-ақ, «Абдрахманова» жеке кәсіпкерлігі Қаратау­дың тәтті өнімдерін сауда сөрелеріне шығарды.

Шараға арнайы кел­ген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев күмбірлеген күймен қарсы алған балалар өнер мектебі ұстаздарының өнерін көріп, жоғары баға берді.Алдымен өңір басшысы аудан­дық ор­талық кітап­хана та­рапы­нан ұйымдас­ты­рылған көрмені тамашалады. Онда Таластан түлеп, елге танылған Мырзатай Жолдасбеков, Рафаэль Ниязбек, Күләш Ахметова, Нарша Қашаған­ұлы және Серік Томанов баста­ған қалам­герлердің шығар­малары қойыл­ды. Таластан шыққан танымал тұлғаларды қамтыған көрмені аудандық орталық кітапханалар жүйесі­нің директоры Шынар Жұмабекова таныстырды. Сондай-ақ, Бердібек Машбекұлы аудандық тарихи-өлкетану му­зейі­нің көрмесіндегі тарихи жәдігерлерді аралады. Әсіресе, көр­меден орын тапқан 121 жыл бұрын Тула қала­сы­нан жеткізілген көне самаурын, соны­мен қа­тар, кү­бі, келі-келсап, диір­мен­ді қы­зықтау­шы­лар­­дың қа­тары қалың болды.


Ал, таластықтар құр­ған сегіз қанат киіз үйде Ұлбике ақын атын­дағы мәдениет ор­талығының әртістері ұлт­тық салт-дәстүрлерді дәріптейтін «Біз шан­шар» атты шағын кө­ріністі облыс әкімінің назарына ұсынды. Киіз үйдің әбзелдеріне сүй­сін­ген өңір басшысы ау­дан әкімі Қанатбек Мәдібекке ризашылығын білдірді.
Бұдан бөлек, мәдениет сарайы жанын­да ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйым­дастырылып, ұлттық этномәдени орталықтарының және қол өнер шеберлерінің көрмелері қойылды.
Мұнан соң сәні мен салтанаты келіскен шара «Баласағұн» орталық концерт залында жал­ғасын тапты. Ша­ра­ға ке­лушілер ақын — сазгер Үміт Битенованың жырымен сусын­дап, Ұлбике ақын атында­ғы мәдениет орта­лығы әртістері Еркем Шоқыбасова, Нұрым Қойгелдиев, Бекзат Сейдуалиева және «Көңілашар» үштігінің орындауындағы әсем әуендерді тыңдады. Концертке арнайы шақыр­­тылған елге та­нымал эстрада жұл­дызда­ры Жігер Ауыпбаев пен Сара Амангелдінің өнері ша­раның шы­райын арттырды. Саз­ды кеш соңында өнер­паздарға құрмет көрсетіліп, облыс әкімі­­нің ықылас гүлі тапсырылды.

About DevTeam

Check Also

ГАЗДЫ ТҰРМЫСТА ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Табиғи газ адамдар үшін қауіптің ықтимал көздері болып саналады. Тұрмыста пайдаланылатын метан және сұйытылған газ …

Добавить комментарий