Home / Аймақ / Жаңа учаскелік пункт ашылды

Жаңа учаскелік пункт ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы халыққа арнаған Жолдауында: -Учаскелік инспектордың мәртебесін заңнама арқылы арттырып, оның өнімді жұмыс істеуіне мол мүмкіндік берген жөн. Олар азаматтар алдында танымал, қолжетімді әрі бедел­ді болуға, солардың құқық­тарын қорғауға тиіс,-деген болатын.
Құқық қорғау саласы қыз­мет­керлерінің жұмыс жа­сау мүм­кіндігін арттыру ба­­ғы­тында бірқатар істер атқа­ры­лып жатыр. Өткен аптада Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында қала­дағы Қ.Қош­манбетов көшесінен жа­ңа учас­келік пункт ашылды. Атал­ған пункт алдағы уақытта қа­ла­ның темір жолдың бөлі­гіндегі тұр­ғындар үшін қыз­мет жа­сайтын болады. Учас­ке­лік полицияға жеке сұ­рақ­­тарымен, арыз-ша­ғым­да­ры­мен жүгінетін тұр­­­ғын­дар ендігі кезекте мә­се­­­лені алыс­қа бармай-ақ, осы жер­­ден шешуіне бо­лады.
Учаскелік пунктің ашы­лу салтанатына аудан әкі­мі Қанатбек Мәдібек, аудандық полиция бөлімінің бастығы Тимур Жаңабаев және аудан­дық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабек Әсемов қатысты.
Өз кезегінде Тимур Жаңабаев: — Бұл нысанның ашылуы полиция қызметі үшін оқиға орнына жылдам баруына және қылмыстың алдын алуға оң септігін тигі­зетіні сөзсіз. Полиция қызметкерлеріне осында қо­лайлы жағдайлар жасалып жатқан соң, тәртіп сақшылары тарапынан өздеріне жүктел­ген міндетті адал әрі абырой­мен атқаратынына сенемін, — деп учаскелік пунктің ашы­­луына қолдау танытқаны үшін аудан әкіміне алғысын білдірді.
Ал, учаскелік пунктің ашы­­­луымен құттықтаған Қанатбек Мәдібек құ­қық қор­ғау сала­­сы қызмет­керлерінің еңбектеріне сәттілік тіледі.
Мұнда учаскелік инс­пекторлар Азамат Қошқар (тел. 87026333235) мен Асыл Байдуанов (тел. 87072300086) тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

About DevTeam

Check Also

ГАЗДЫ ТҰРМЫСТА ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Табиғи газ адамдар үшін қауіптің ықтимал көздері болып саналады. Тұрмыста пайдаланылатын метан және сұйытылған газ …

Добавить комментарий