Home / Аймақ / Қанағат сынды құндылықтарды қалыптастырайық

Қанағат сынды құндылықтарды қалыптастырайық

БАС МҮФТИ НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫНЫҢ
ҚҰРБАН АЙТ ҚАРСАҢЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ
ҮНДЕУІ

Қадірлі отандастар! Құрметті кәсіпкерлер!
Мұсылман қауы­мы­ның ұлық мейрамы – Құр­бан айтқа санаулы күндер қалды. Ұлық күнде исі мұсылман баласы шы­найы ниетпен құрбан шалып, құрбандық етін мүгедектер мен же­тім­дерге, көпбалалы от­басылар мен қарттарға таратып, алғысын алуға тырысады. Адамның ал­ғысын алып, батасына бөлену – сауапты істің бі­­рі. Халқымыз «Алғыс алған арымас. Бота ал­ған­ша бата ал», — дейді емес пе?
Құрбан айтта орын­да­­латын негізгі із­гі амал­­дың бірі – құрбан ша­лу. Өйткені, ардақты Пай­ғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адам баласы құрбан айт күні құрбан шалудан өзге амалымен Аллаға жақындаған емес…»,- дей­ді. Демек, Құрбан айт күні Аллаға ұнамды әрі ең сүйікті амал – құрбан шалу.
Айт күндері халық тарапынан мал сатып алу­ға деген сұраныстың ар­та түсетіні белгілі. Осы ретте еліміздегі барша ша­руа қожалықтарының қожайындарын ұлық мей­рам – Құрбан айт­тың құрметіне мал құ­нын шарықтатпай, ха­лыққа оңтайлы бағаны ұсынуға шақырамын. Сонымен қатар, барша кәсіпкерлерді тұрғындар күнде тұтынатын әлеу­меттік маңызы бар азық — түлік бағасына мүм­кіндігінше жеңілдік жа­сауға үндеймін.
Құрбан айттың негізгі мәні мұсылмандар ара­сын­да өзара мейірім­ділік, жомарттық, қайы­­­­рымдылық, қана­ғат сын­­ды адам­гер­ші­лік құн­­­дылық­тар­ды қа­лып­­­тастыру. Алла­ның ра­­қым нұры төгі­летін құрбан айтта жұртымызға жақсылық жасап, көпшіліктің риза­шылығына бөленейік.
Жаратушы Иеміз Құранда: «Өздерің жақсы көрген нәрсені Алла жолына жұмсамайынша игілікке жетпейсіңдер» («Әл-Имран» сүресі, 92-аят) деп баяндаған. Сауаптар еселеніп жазы­латын сәттерде Алла разылығы үшін елдің жағдайын ескеріп, тауар бағаларына жеңілдік жа­сап, әр отбасыға қуа­ныш пен мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырысайық.
Ардақты ағайын!
Сүйікті Пайғам­бары­мыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «…Кім­де-кім мұсылман бауы­ры­ның қажетіне жа­раса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді…» де­ген сүйінші хабар жеткізген. Қазақстан мұ­сыл­мандары діни бас­­қармасы қуаң­шы­­лықтан зардап шеккен өңір­лердегі шаруа­­ларға қолдау көрсету мақсатында «Қиын­дық­та ел бірге» атты қайы­рымдылық акциясын бастады. Акция аясында Қызылорда, Маңғыстау облыстарына жем-шөп жөнелтілетін болады. Осы игі іске үлес қосып, сынақты сәттерді бас­тан кешіп отырған отан­дастарымызға қол үшын созуға шақырамын.
Хақ Тағала кә­сіп­теріңізге береке, игі істеріңізге мол сауаптан жазғай! Әмин!

About DevTeam

Check Also

ГАЗДЫ ТҰРМЫСТА ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Табиғи газ адамдар үшін қауіптің ықтимал көздері болып саналады. Тұрмыста пайдаланылатын метан және сұйытылған газ …

Добавить комментарий