Home / Аймақ / Қылмыстық процестің үш буынды моделі!

Қылмыстық процестің үш буынды моделі!

Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген міндеттемеден кейін 2020 жылдың 19 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлық жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданып, 2020 жылдың 31 желтоқсанында қолданысқа енгізілді.

Жаңа заңға сәйкес қылмыстық процестің үш буынды моделі қалыптасты. Енді полиция қылмыстыашады, оғанқатыстытұлғалардыанықтайды, дәлелдердіжинақтайдыжәнебекітеді. 

Прокурор жинақталған дәлелдемелерге тәуелсіз баға беріп, азаматтардың құқықтарының бұзылуына тосқауыл қояды, азаматтардың қылмыстық процестің орбитасына заңсыз тартылуына жол бермейді, сотта мемлекеттік айыпты қолдайды. 

Ал, сот органның әрекеттеріне түскен шағымдарды қарайды және түпкілікті шешім қабылдайды. Аталған қылмыстық процестің үш буынды моделі – азаматтардың құқықтарының дер кезінде қорғалуын қамтамасыз етеді және халықаралық стандарттарға сай келеді.

Осы орайда жаңа заң аясында прокуратураның функционалдық міндеттері күшейтіліп, қылмыстық процестегі негізгі шешімдер прокурордың келісімімен және бекітуімен қабылдануда. 

Енді күдікті деп тану, оның іс-әрекетін саралау, өзгерістер мен толықтырулар енгізу, тергеп-тексеру мерзімдерін үзу, бұйрықтық іс-жүргізуді, теріс-қылық хаттамасын және қылмыстық істі тоқтату туралы шешімдері прокурормен келісіліп/бекітілгеннен кейін заңды күшіне енеді.

Жалпы Жаңа форматтағы жұмыстың оңтайлы жүзеге асырылуына Талас ауданы прокуратурасы мен полиция бөліміне барлық жағдайлар жасалған, полиция қызметкерлері қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етілген.

         Жаңа заң талаптарын тиімді қолдану нәтижесінде ағымдағы жылдың өткен кезеңінде азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілген жоқ. Бұл жаңа заңның тиімділігін көрсетеді. 

Бұл өзгерістердің берер нәтижесі және азаматтар құқығын барынша қорғауға қызмет ететіндігі жан-жақты айтылып, облыс көлемінде қызу талқыланды.

Қазір аудандық прокуратурамен жаңа заңның мүлтіксіз сақталуына бағытталған барлық іс-шараларды тиісті деңгейде атқарылуда.

Талас ауданы прокуратурасы

About DevTeam

Check Also

Таза және қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілік адамның негізгі сұраныстарының бірі

Таза және қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілік- адамның негізгі сұраныстарының бірі. Есептеулер бойынша дамушы елдерде …

Добавить комментарий