Home / Саясат / Күрес басты міндет болмақ

Күрес басты міндет болмақ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясыда, сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екені атап көрсетілді. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатермен еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласында дендеп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және жауапқа тарту — бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.
Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайлы, тоңмаңдайлы шенеуніктердің тойымсыздығы, қарапайым анықтама алуы үшін шеті жоқ кезек көптеген азаматтар мемлекеттік қызметкерлерді пара алуға өздері арандатады. Өйткені, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді. Сол себепті, мұндай ауыр кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңе алмаймыз. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады.
Бүгінгі таңда мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласының назары экономикалық даму процестерінің басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстықты тазартуға аударылуы тиіс. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты-оның алдын алу, яғни оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн деп есептейміз.

«Азаматтарға арналған үкімет
мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ»
Жамбыл облысы бойынша филиалының
Халыққа қызмет көрсету
Талас аудандық бөлімі.

About DevTeam

Check Also

Мүгедектерге мүмкіндік жасау — міндет

Индира Еркінқызы, «Talas tyntsy». «Nur Otan» парииясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық­ты өмір!» атты сайлауалды …

Добавить комментарий