Home / Аймақ / Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алу туралы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алу туралы

Талас ауданы Ойық ауылының тұрғыны Рысқұлбекова Сәндікүл 56 жаста ұзақ жылдар бойы оң және сол жақ тізе буынының ауырсынуы мазалап шағымданып жүрді , ауырсыну салдарынан қозғалыстың шектелуі болған, пациенттің айтуынша, ол көптеген жылдар бойы ауырып келеді, ол консервативті ем қабылдаған, бірақ нәтижесі болмаған.
Аудандық орталық ауруханасында дәрігер қабылдауында, пациентке сол және оң жақ тізе буынын толық (жаппай) эндопротездеу ұсынылды.
Ұсыныс нәтижесі оң жақ аяқтың тізісінен бастап ем қабылдау ұсынылды
2020 жылдың Қазан айында амбулаторлық тексерістен өтіп, жоспарлы тәртіппен жатқызу бюросының порталы арқылы Алматы қаласы , жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының травмотология-ортопедия бөлімшесіне жоспарлы емдеуге жатқызылды. Жоспарлы ота- тізе буынын толық ауыстыру жүргізілді, операция асқынусыз сәтті өтті. Операциядан кейін ауруханада пациент ерте оңалтуды (реабилитация) алды. Жағдайы жақсарғаннан кейін,пациент тұрғылықты жері бойынша одан әрі амбулаториялық емдік күтімге шығарылады.
2021 жылдың Наурыз айында оң жақ тізе буынының эндопротезінен кейінгі «хирургиялық араласудан кейінгі жағдай- қалпына келтіру» оңалтудың екінші кезеңі бойынша Алматы қаласындағы емдеу-сауықтыру кешенінде ем қабылдады.
Емдеу нәтижесінде денсаулығы жақсарып , қанағаттанарлық жағдайда тұрғылықты жеріне травматологтың бақылауына алынды.
Пациенттің « жалдамалы жұмысшы» ретінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударымдары уақытылы аударылғандықтан, «сақтандырылған» мәртебесімен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерді тегін алу құқығына ие болды, пациентке «сақтандырылған» статусымен еш кедергісіз жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетілді.
Осылайша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесі бар әрбір аудан тұрғынына МӘМС шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық қызметтердің тегін және қолжетімді екенін еске саламыз.

Талас аудандық орталық ауруханасының МӘМС спикері Қ.Шамеев.

About DevTeam

Check Also

ГАЗДЫ ТҰРМЫСТА ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Табиғи газ адамдар үшін қауіптің ықтимал көздері болып саналады. Тұрмыста пайдаланылатын метан және сұйытылған газ …

Добавить комментарий