Home / Дін және білім / Рамазан — рахым мен жақсылық айы

Рамазан — рахым мен жақсылық айы

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Қадірлі бауырлар!
Баршамызды оразаға аман-есен жеткізген құдіреті шексіз Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтау-мадақтар болсын! Сіздерді күллі мұ­сыл­ман қауымы асыға күткен қа­сиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Әр ша­ңыраққа шаттық пен бақыт, бірлік пен береке тілеймін!
Рамазан – рақым айы! Қасиетті айдың құрметі үшін бір-бірін кешіріп, мейірімділік жолын ұстанған пенде­лер сауапқа кенеледі. Өзгеге мейірім көрсеткен адамды Алла Тағала Өз мейіріміне бөлейді. Кешіргенге – ке­шірім жасалады. Рамазан – жақсы­лық айы. Оразада жасалған әрбір жақсы амалдың сауабы еселеніп жазылады. Ха­дис-шарифте айтылғандай, «адам ба­ласының барлық игі істерінің сауа­­бы артады. Әрбір жақсылыққа он есе­ден жеті жүз есеге дейін сауап жазылады.
Алла Тағала Құдси-хадисте: «Ау­зы берік адам ішіп-жеуін Мен үшін доғарды. Ораза – Мен және құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөлдеу себебінен шыққан ауыз иісі Мен үшін миск әтірінен де қайырлы», — деген. Ендеше, берекелі айдың бе­рекетінен құр қалмайық, халайық. Жәннат есіктері ашылатын айда жақсылықта жарысайық.
Алла Тағала ниетіміз бен амалы­мызды қабыл етіп, баршамызды Рамазаннан Рамазанға дейін айдан аман, жылдан есен жеткізе бергей!
Жер бетінде жұқпалы індет жойы­лып, қуанышты сәтте қауышуды жазғай! Он екі айдың сұлтаны – рамазан құтты, берекелі болсын! Қа­сиетті айда жасайтын құлшылық, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Алға қойған арман-мақсаттарыңыз орын­далып, оразадан оразаға аман-есен жете беруімізді Алла нәсіп етсін! Бар­шаңызға Жаратқан Ием жар болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, халқымыздың бірлігі нығайып, берекесі арта бергей! Тәуелсіздігіміз әрқашан баянды болғай! Әумин!

Бейбіт МЫРЗАГЕЛДИЕВ,
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы.

About DevTeam

Check Also

Қайырымдылық- ізгі қасиет

Мұқтажға мейірім көрсетіп, қысылғанға қайырымдылық таныту қанымызда бар қасиет. Ата-бабаларымыз жесірін жылатпаған, жетімін қаңғыртпаған, жанынан …

Добавить комментарий