Home / Аймақ / Ел игілігіне ашылған дүкен

Ел игілігіне ашылған дүкен

Қаланың күн са­нап көркейіп келе жатқанына бар­лығымыз куәміз. Ша­ғын шаһар ажа­ры­ның артуына, әсі­­ресе, еңселі сауда ғи­ма­рат­тарының қо­сып отырған үлесі аз емес.
Бүгінде мұн­дай сауда орталық­тарынан сауда жа­сауға қала халқы да бейімделді. Наурыз мейрамы қар­саңында сауда орта­лықтарының қатары тағы бір дүкен­мен толықты. Бұрынғы әмбебап дүкенінің орнына іске қосылған «FIRKAN» дүкендер желісінің ашылуына жиылған тұрғындардың қара­сы қалың болды.
Сауда ғимара­тының ашылу салта­натына аудан әкімінің орынбасары Төрехан Қойлыбаев қатысып, нысанның жұмысына сәттілік тіледі.
«FIRKAN» дүкен­дер желісінің өңіріміздегі бұл 13-ші дүкені. Оның 11-і Тараз қаласында қызмет көрсетсе, 1-уі Байзақ ауданының орталығында орналасқан. Жалпы, жаңа дүкеннің аумағы 1000 шаршы метрді алып жатыр. Дүкендер желісінің басқарушы директоры Арман Жиеналиевтің айтуынша, ел игілігіне ашылған нысанда 40-қа жуық адам жұмыс жасайды. Тауар түрлері тұтынушылардың талғамына сай таңдалған. Онда негізінен күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдері қамтылған. Бағалары да нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен.

About DevTeam

Check Also

Эффективная площадка для обмена опыта

«Тt»-информ». В столице прошел VI республиканский форум сельских женщин «Роль сельских женщин в формировании приоритетов …

Добавить комментарий