Home / Аймақ / Діни сауат-тұрақтылық негізі

Діни сауат-тұрақтылық негізі

«Tt»-ақпарат».
Бүгінде діни сауатты арттыру- маңызды мәселенің бірі. Кейбір жастарымыздың жат ағымның жетегінде кетіп жатуының себебі де діни сауаттың аздығынан. Оны шешудің бірден-бір жолы -сауат ашу орталықтарын құру.
Аудандық «Қаратау Қажы би» мешітінің жанынан өскелең ұрпаққа діни сауатты қалыптастырып, салт-дәстүрлерді бойға сіңіретін сондай сауат ашу курсына арналған ғимарат бой көтерді. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында пайдалануға берілген ғимараттың ашылу салтанатына Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының шариғат және пәтуә бөлімінің басшысы Сансызбай Құрбанұлы, аудан әкімі Бақыт Қазанбасов қатысып, жамағаттың қуанышына ортақтасты.
Жиылғандар алдымен мешіттің ауласына айналасына сән беретін арша ағашының көшеттерін отырғызды.
Өз кезегінде сауат ашу курсының жұмысына сәттілік тілеген Сансызбай Құрбанұлы: -Адам адамнан білімімен артық. Ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсарин: «Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар оқылық», — деп текке айтпаған. Адам баласы жиған ілімі арқылы дүниені бағындырады. Арғы-бергі тарихты Ислам дінінде ұлы ағартушылар мен ғұламалар аз болмаған. Өмір жолдарына қарасаң биікке білім арқылы көтерілген. Діннен сауаты бар адам ешқашан қиянатқа бармайды. Осы ортадан оқыған шәкірттер елге еңбегі сіңген азаматтар болсын,-деді.
Мұнан соң Сансызбай Құрбанұлы, Бақыт Алпысбайұлы және ауданның Құрметті азаматы Байұзақ Көлбайұлы салтанатты жағдайда жаңа ғимараттың лентасын қиып, шәкірттер білім алатын бөлмелерді аралап көрді.
Жалпы екі қабатты ғимарат Қаратаудан шыққан жомарт жандардың демеушілік есебінен тұрғызылған. Алланың разылығы үшін салынған білім ошағында қонақтар бөлмесі, 1 кітапхана, 3 оқу сыныбы және 1 Құран оқу сыныбы, қыздар сыныбы бар.
Салтанатты рәсімнен соң жиылған жамағат мешіт асханасынан жайылған дастарханда бас қосып, наурыз көжеден дәм татты.

About DevTeam

Check Also

Балық ресурстарын уылдырық шашу кезеңінде сақтайық

ҚР «Жануарлар дүниесiн қор­ғау, өсiмiн молайту және пай­далану туралы» Заңының 39-бабы 5-тармағының 3-тар­мақ­шасына сәйкес тиісті …

Добавить комментарий