Home / Аймақ / Қоршаған ортаға қамқорлық

Қоршаған ортаға қамқорлық

«Tt»-ақпарат».
Жыл басы Наурыз-жылы лебіздерге толы жаңару мерекесі. Көктем лебі білініп, жер аяғы кеңіген шақта көпшілік алдағы күнге үміт артады. Ежелден-ақ алыс-жақынның басын қосқан айтулы мейрам қарсаңында көпшілік алдымен ағаш отырғызып, бір-біріне ақ тілегін арнаған. Бабадан балаға жалғасып келе жатқан игі дәстүр әлі жалғасып келеді. Осы орайда қолға алынған «Таза табиғат» республикалық акциясы және облыс әкімі Б.Сапарбаевтың «Наурыз» мерекесін өткізу бойынша бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес аудандағы мекеме қызметкерлері ағаш көшеттерін екті.
Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған сауапты шараға аудандық орталық аурухана ұжымы да атсалысты. Ақ халатты абзал жандар мекеме ауласына айналаға сән беретін 130 түп арша (можжевельник) ағашының көшеттерін екті. Арнайы келген аудан әкімі Бақыт Қазанбасов көппен бірге атқарылған игі істің басында болды. Өз қолымен ағаш түптерін отырғызып, жауапкершілігі зор міндетті жүктеген дәрігерлер қауымын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады.
Бұл күні мекеме қызметкерлерінің ұйымдасуымен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, аудандық «Қаратау Қажы би» мешітінің ауласына және «Жастар саябағына» 170 түп арша ағашының көшеттері отырғызылды.
«Таза табиғат» акциясы қаладағы білім беру мекемелері мен ауылдық округтерде жалғасын тапты.

About DevTeam

Check Also

Балық ресурстарын уылдырық шашу кезеңінде сақтайық

ҚР «Жануарлар дүниесiн қор­ғау, өсiмiн молайту және пай­далану туралы» Заңының 39-бабы 5-тармағының 3-тар­мақ­шасына сәйкес тиісті …

Добавить комментарий