Home / Аймақ / Маңызды мәселелер назарға алынды

Маңызды мәселелер назарға алынды

«Tt»-ақпарат».
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков жұмыс сапарымен ауданда болды.
Бекболат Серікбекұлы алдымен аудандағы кезегін күткен өзекті мәселелерге назар аударды.
Сондай түйткілдердің бірі-Б.Момышұлы көшесінде орналасқан №13,15,17.19 және 3 мөлтек ауданындағы №16 көппәттерлі үйлерді жекеменшіктен коммуналдық меншікке өткізу жайы. Бұған қатысты тиісті мекемелерге ұсыныс та берілген. Мәселе қаражатқа тіреліп тұр. Бұл жайында аудан әкімі Бақыт Қазанбасов айтып берді.
Сондай-ақ, Б.Орынбеков «Talas іnvesment Company» ЖШС-нің жұмыс барысымен танысып, туындап отырған мәселелерді тыңдады. Өз кезегінде кәсіпорынның басқарушы директоры Бақтияр Алдашов: -Зауыттың екінші желісін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Инфрақұрылымды іске қосу үшін мемлекет тарапынан қаржылай қолдау қажет. Қазір зауытта 557 адам жұмыс жасайды. Өнімдер негізінен Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан елдеріне экспортталады. Егер екінші желі пайдалануға берілсе, тағы қосымша 300 адам жұмыспен қамтылатын болады,-деді.
Көтерілген мәселеге байланысты Б.Орынбеков тиісті орынға депутаттық сауал жолдайтындығын жеткізді.
Жұмыс сапарын Сенат депутаты «Игілік» мекемесінде қорытындылады. Мұнда кәсіпорын директоры Рашид Сейдалиев көпшілік үшін тиімді жобаны таныстырды.
–Когенерациялық құрылғының ұтымды тұстары көп. Құрылғы электр энергиясын аз жаратады. Ал, электр энергиясы төмендесе, біз тариф құнын түсіре аламыз,-деген мекеме басшысы тиімді құрылғыны іске қосуға ықпал етуді сұрады.
Ұсыныс-тілекті қағазға түсіріп, өз атына жолдауды ескерткен Бекболат Серікбекұлы туындаған мәселені шешу жолдарын қарастыратындығын айтты.

About DevTeam

Check Also

Балық ресурстарын уылдырық шашу кезеңінде сақтайық

ҚР «Жануарлар дүниесiн қор­ғау, өсiмiн молайту және пай­далану туралы» Заңының 39-бабы 5-тармағының 3-тар­мақ­шасына сәйкес тиісті …

Добавить комментарий