Home / Аймақ / Батырлар рухына тағзым

Батырлар рухына тағзым

Биыл Кеңес әскер­лерінің Ауғанстан Рес­пуб­ликасы аумағынан шығарылғанына-32 жыл. Осы­ған орай ау­дан әкімі Бақыт Қазан­басов, аудандық арда­герлер кеңесінің тө­рағасы Байұзақ Көлбайұлы, Ауған соғысы ардагерлері және мекеме қызметкерлері қаладағы интернационалист-жауынгер монумен­тінің алдында жиылып, қаһармандық пен қайсар­лықтың үлгісін көрсеткен батырларды еске алды.
Батырлар рухына тағзым етуге келгендер алдымен ұрыс даласын­да қаза тапқан жауынгер­лерді бір минут үнсіз­дік­пен еске алып, монументке гүл шоқтарын қойды.
Жалпы, Ауған жеріне әс­кери борышын өтеуге ау­даннан 70-тен астам жауын­гер аттанса, 2 жер­ле­сіміз майдан дала­сында мерт болды. «Жа­рия­ланбаған соғысты» көз­бен көрген 31 ардагер ор­тамызда.
«Соғыстың қандай қасірет екендігін біз от пен оқтың ортасында жүріп білдік. Сол күндердің ауыр көріністері әлі көз алдымда. Бүгінгі бейбіт күнімізге тәубе етуіміз керек. Тәуелсіз еліміздің жастары өсіп келеді. Олардың бойына батырларымыздың ерлігін дәріптеп, отансүйгіштік сезімін қалыптастыруымыз қажет. Қазақстанның болашағы осы жастардың қолында»,-дейді «Талас аудандық Ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәкен Есқараев.

About DevTeam

Check Also

Ауылдың дамуы — елдің дамуы

Қызыләуіт ауылдық округі Қызыләуіт ауылын­да мемлекеттік бағдар­ламалар аясында бір­қатар істер жүзеге асқан. Істің көзін тапқан …

Добавить комментарий