Home / Аймақ / Есеп: жыл қорытындысы және алда тұрған міндеттер

Есеп: жыл қорытындысы және алда тұрған міндеттер

Береке — бірлікте,
Табыс — тірлікте

Қаратау ауылдық округі
Кезекті есепті жиын кес­теге сәйкес Есейхан ауылын­дағы мәдениет үйінде болып өтті.
Жиында алғаш болып сөз алған Қаратау ауылдық округінің әкімі Асхат Малташов ауыл тұрғындарына 2020 жылы атқарған жұмыстары жөнінде баяндап, алда тұрған міндеттерге тоқталды (қала және ауылдық округ әкімдерінің тезистері газетіміздің 12.01.2021 жылғы №3 санында жарияланған).

  • Есепті мерзімде ауылдық округте жоспарланған жұмыс­тың дені атқарылды. Есей­хан ауылындағы А.Омарұлы, Т.Пазылбекұлы және Қарашат көшелерін асфальттау үшін және облыстық мәндегі 5 ша­қырымға жуық тас жолдың тау бөктеріндегі бөлігін асфальттауға жо­балық сме­талық құжат­тары дайын­далу үстінде,- дей келіп, өзге де салалар бойынша көпшілікті хабардар етті.
    Келесі кезекте сөз ал­ған аудан әкімі Бақыт Қазанбасов әлемді жай­лаған пандемияға қара­мастан ауданда атқарылған ауқымды жұмыстарды баян­дады (аудан әкімі есебінің толық нұсқасы газетіміздің 26.01.2021 жылғы №7 санында жарияланған).
  • Биыл ауыл шаруашылығы саласына игілікті жыл болмақ. Олай дейтінім- өңір басшысы Б.Сапарбаевтың бастамасымен ауыл шарушылығы саласының техникаларын жаңартуға, соны­мен қатар, шаруа қожалық­тарын ірілендіру мақ­сатында «Агробизнес» бағ­дарламасы арқылы бірқатар жұмыстар қолға алынбақ, — деді.
    Есепті кездесуде сөз алған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Рақышев: — Індетке қарамастан барлық ауылға ба­рып, тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдап, ха­лық­пен тығыз байланыста бо­лып, талап-тілектерін тың­­дап, орындалуына септігі­ңіз тиіп келеді. Осы үшін барлық ауыл тұрғындары атынан ри­за­шылық біл­ді­ремін,- деген Түзелбек қария, жол жөндеуге қатыс­ты жасалған жобалық-сме­та­лық құжаттардың оң ше­ші­мін табуға ықпал етуді сұрады.
    Ал, ауыл ақсақалы Т.Те­мір­беков ауылда жайы­лым­дық жердің тапшы­­­лы­ғын, кейбір шаруа қожа­лық­­тар игере алмаған жерді көр­шілес Жуалы ауданы­ның азаматтары жалға алып, пай­­даланып отырғанын тілге тиек етіп, ауылдағы шаруа қо­­жалықтарды бірік­тіріп, коо­ператив құру қажет­тігін алға тартты. Бұл үшін арнайы мамандар тарапынан түсіндіру жұ­мыс­тары қажет екендігін жеткізді.
    Ауыл тұрғындарының сауалына орай Бақыт Алпысбайұлы: «1 — наурыздан бастап, тиісті мамандар келіп, ауылша­руашылығын әрі қарай дамыту жөнінде жұмыс бастайды. Ол уақытқа дейін облыста жұмыс жүйесі жасалынбақ. Кезінде шаруа қожалықтарына өтіп кеткен ауыл маңындағы жайылымдық жерлер заңды түрде қайтарылады», — деді.
    Сонымен қатар, ауыл­дық округке қарасты Қараой ауылдық мәдениет үйіне штат бекітіліп жұмыс бастағанын, назарға алынған жұ­мыс­тар да кезең-кезеңімен ат­қарылатындығын жеткізді.
  • Қаратау қаласы

Балалар өнер мектебінде аудан әкімі Б.Қазанбасов және қала әкімі Мақсат Рысбаев тұрғындар алдына өткен жылдың қорытындысы бойынша бірлескен есебін берді.
2020 жылы қала­ның экономикалық әлеуетін арттыру мен инфрақұрылымын ілгерілетуде бірқатар істер атқарылған. Бұл жайында М.Рысбаев есепті баяндамасында мәлім етті.
-Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 27 адам қайта даялау курстарына жолданып, 154 адам кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарына жіберілді. Сондай-ақ, бағдарламаның ІІ-ші бағыты бойынша 8 қала тұрғыны шағын несие алса, 221 адам қаржылай грантқа қол жеткізді. 1665 азамат жұмыспен қамтылды,-деген қала әкімі шешімін тапқан өзге де мәселелерді атап өтті.
Мұнан соң сөз алған аудан әкімі Бақыт Қазанбасов мемлекеттік бағдарламалардың іске асу барысына, әлеуметтік қызмет көрсету сапасы мен ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асқан жұмыстармен бөлісіп, алдағы уақытта орындалуы тиіс міндеттерге тоқталды.
Есепті баяндамаға пікір білдірген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Көлбайұлы және қала тұрғыны Ә.Әшірбеков көлік байланысы үшін темір жол үстінен аспалы көпір салуға, темір жолдың арғы бетіндегі тұрғындар үшін аудандық кітапхананың бөлімшесін ашуға, сондай-ақ, көпшілік ішінде «Городок» аталып кеткен аумаққа қоғамдық көлік қатынасын реттеуге, Ерназар-Қойгелді бағытындағы көлік көпірін қалпына келтіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Өз кезегінде атқарылған істерге оң бағасын берген Талас ауданы бойынша «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» филиалының директоры Ж.Әсемов ел дамуы үшін бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Жиын соңында жолданған сауалдарға байланысты жауап берген Бақыт Алпысбайұлы: -Темір жол үстінен аспалы көпір салу бізге ғана емес, Жамбыл, Т.Рысқұлов ауданына да ортақ мәселе. Қазір оған «Қазақстан темір жолы» АҚ тарапынан да шектеу қойылып отыр. Ал, кітапхана бөлімшесін ашуды назарда ұстайтын боламыз. Ерназар-Қойгелді бағытындағы көлік көпірінің жай-күйі туралы хабардармыз. Тиісті мекемелерге ұсыныс тастадық,-деп жауапты бөлім басшыларына қоғамдық көлікке байланысты мәселені нақтылауды тапсырды.

Тамды ауылдық округі

Аудан әкімі өзінің ауыл тұрғындары алдында есеп беру жөніндегі кезекті жиынын Тамды ауылдық округі тұрғындарымен өткізді.
Жиында алғашқы сөз кезегін алған округ әкімі Рауан Асқаров 2020 жылы округ бойынша атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, барынша мағлұмат беріп өтті.
-Ауылдық округте 88 шаруа қожалығы тіркелген. Оның ішінде, 30 шаруа қожалық малмен, 13 шаруа қожалық егінмен нақты жұмыс жасаса, 45 шаруа қожалық тек тіркеуде ғана тұр. Осыған орай, жерін мақсатты пайдаланбай отырған 5 шаруа қожалық өздерінің 179 гектар егістік пен жайымдылық жерлерін аудан әкімдігінің жер қатынастары бөліміне өткізді,- деген ауыл әкімі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы «Уақ» шаруа қожалығы 20 млн. 250 мың теңге несиеге 405 бас саулық қой, «Жайылма» шаруа қожалығы 21 миллион 500 мың теңгеге 43 бас жылқы алып, шаруашылықтарын дамытып отырғанын баяндады.
«Азат», «Айжан», «Жарас», «Дидар» және «Дәуренбек» шаруа қожалықтары 10 құдық қаздырып, 9 күн сәулесі энергиясы қондырғыларын орнатып, 80 пайыздық қайтарым субсидиясын алды деген Р.Асқаров алда тұрған міндеттерге де тоқталды.
Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов та 2020 жылы аудан бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып:
-Өткен жыл ауыртпалығы көп болғанымен, табысты жыл болды. Барлық сала бойынша өсім байқалды. Мемлекет басшысы мен өңір басшысының тапсырмалары толығымен орындалды деуге болады.
Алда әлі де қыруар жұмыстар күтіп тұр,- деп әр сала бойынша жеке-жеке тоқталды.
Жарыс сөзге шыққан ауыл тұрғыны, ауылдық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Досымбек Ошақбаев ауыл маңайында мал жайылатын жайылымның жоқтығына қынжылыс білдіріп, бір кездері мұнда «Шолақтау» көкөніс совхозы болғанын айтып, сол істі қайта жаңғыртсақ деген ойын жеткізді. Ол үшін қаражат жағынан көмек керек екенін де баяндап өтті.
Ауылдық билер кеңесінің төрағасы Қанат Сәлімбаев «Тамды» өзеніне су түсірсе, ауылдағы құдықтар да суға толатынын, арнайы мотор арқылы құдық суымен бақшаларды суаруға болатынын түсіндірді.
Ал, ардагер ұстаз Еркеңес Әбдікерімов ауыл мектебі 30 жылдан бері жөндеу көрмегенін айтып, соны жөндеуге ықпал ету керектігін жеткізді.
Бақыт Алпысбайұлы барлық сауалдарға тұщымды жауаптар қайтарды.

Көктал ауылдық округі

Ауыл тұрғындары алдында есеп берген ауыл әкімі Роман Қырықбаев:
-«Бизнес бастау» бағдар­ламасы бойын­ша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдасты­руымен өткен кәсіпкерлікті қолдау курсынан 3 адам өтті. 3 адам 555 мың көлемінде қайтарымсыз грант алды. 3 отбасындағы 17 адам жаңа форматтағы әлеуметтік көмек алып отыр.
«Пионер» көліне «Көктал АгроХол» ЖШС-і 1200,0 мың теңгеге 15000 балық шабағын жіберді. Ал, «Асыл Меди» ЖШС-нің директоры Арман Қарымсақовтың демеушілігімен С.Сейфуллин көшесін түгелдей жарықтандырылды», -деді. Сондай-ақ, ауыл әкімі ауылға фельдшерлік-акушерлік пункт, ауыл клубы керектігін де айтып өтті.
Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов аудан бойынша 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айыларында атқарылған жұмыстарды баяндап, Көктал ауылдық округі бойынша келешекте атқарылатын жұмыстарға тоқталып, әр іс кезең-кезеңімен жүзеге асатынын, өңір басшысының тапсырмасы бойынша мұнда да біраз тірлік атқарылмақ екенін баяндап өтті.
Жарыс сөзге шыққан ауыл тұрғыны Уайс Қойшыман ауылға газ тарту, жайылымдық жер, интернет жүйесі, ауыз су мәселелерін қозғады. Ол өз сөзінде Көктал ауылы 2002 жылға дейін жұмысшы поселкасы болғанын, сондықтан да бұл жерде жайымдылық жер қарастырылмағанын түсіндіріп өтті.
У.Қойшыман шекаралас Қызыләуіт, Қасқабұлақ ауылдық округінен Көктал ауылдық округіне жайылымдық жер үшін жер бөлінгені дұрыс деген ой тастады.
Уайс Қойшыман су тоспаларын жасап, сонда көп жылдық шөп егілсе, дұрыс болар еді. Онда біз шөпті басқа жақтан тасымас едік деген ой тастады.
Ауыл тұрғыны Нұрила Сармантаева атқарылған жұмыстар барысына ризашылығын білдірді.
Аудан басшысы барлық сауалдарға көңілге қонымды жауаптар берді.

About DevTeam

Check Also

Батырлар рухына тағзым

Биыл Кеңес әскер­лерінің Ауғанстан Рес­пуб­ликасы аумағынан шығарылғанына-32 жыл. Осы­ған орай ау­дан әкімі Бақыт Қазан­басов, аудандық …

Добавить комментарий