Home / Аймақ / Шаруалардың қуанышында шек жоқ

Шаруалардың қуанышында шек жоқ

Нарбол Қашаған,
«Talas tynysy».

Бір кездердегі тамдылық дихан­дардың еккен дәмі тіл үйірер бақша жемісін бүгінде көпшілік сағынышпен еске алады. Бұған егін су тапшылығы себеп. Аудан әкімдігінің бастамасымен жерден несібесін айырған дихандардың көңілін күпті еткен мәселе жуырда нақты шешімін тапты. Кеңес өкіметінен бергі уақытта жөндеу көрмеген темір-бетон науа жүйесі қайта қалпына келтірілді. 6,5 шақырым науа жүйесіне 57 млн. теңге қаражат бөлінген. Бұл жайында Тамды ауылдық округінің әкімі Рауан Асқаров: -Темір бетон науа жүйесінің 6 шақырымы қайта қалпына келтірілді. 1шақырым жер каналын жалдамалы техникасы бар «Талас-Аса» ЖШС арқылы тазартылды. 5,8 шақырым «Жартас» темір бетон науа жүйесіне жобалық-сметалық құжаттары дайын. Алдағы уақытта «Ақшұқыр» егістік алқабында биылғы жылы №1, №2 темір бетон науа жүйелері қалпына келтірілетін болады,-дейді.
Ауылдық округі әкімінің айтуына қарағанда, келесі жылы ретке келтірілген науа жүйелері арқылы 1100 суғармалы алқапқа тіршілік нәрі жеткізілетін болады. Бүгінде Мыңшұқыр су қоймасынан көлге дейінгі су арнасына тазарту жұмыстары жүргізілген. Бұл міндетті «Тараз Сити капитал» ЖШС-нің жүргізгендігін айта кетуіміз керек. Жалпы «Ақшұқыр» егістік алқабында 22 шаруа қожалығы нәсібін жерден айырып отыр. Көп жылдан бергі аралықта жөндеу көрмеген науа жүйесіне қатысты мәселенің шешілуі егіспен айналысып отырған шаруалардың ризашылығын тудырып отыр.

About DevTeam

Check Also

Батырлар рухына тағзым

Биыл Кеңес әскер­лерінің Ауғанстан Рес­пуб­ликасы аумағынан шығарылғанына-32 жыл. Осы­ған орай ау­дан әкімі Бақыт Қазан­басов, аудандық …

Добавить комментарий