Home / Қаржы / Тұрғын үй көмегінің қол жетімділігі

Тұрғын үй көмегінің қол жетімділігі

Талас ауданында тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсанда «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы»қаулысы негізінде Талас ауданы мәслихатының шешімімен бекітілген қағидаға сәйкес жүзеге асырылып келеді. Бұл қағида аудан аумағында тұрғын үй көмегін тағайындауға және төлеуге негіз болатын нормативтік акті болып табылады.
Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы Талас ауданында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға:

  • жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп — ұстауға жұмсалатын шығыстарын;
  • жергiлiктi атқарушы орган жалдаған жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
    Тұрғын үй көмегі жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырмасы ретінде айқындалады.
    Мүгедектерді, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адамдарды, үш жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарды бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін адамдары бар аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
    Тұрғын үй көмегі «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі — уәкілетті орган) тағайындалып, төленеді.
    Тұрғын үй көмегіне өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы Талас аудандық бөлімі (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы) және «электронды үкіметтің» www.egov.kz вебпорталы (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
    Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
    Көпбалалы отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе «электрондық үкімет» веб портал арқылы өтініш береді және оған мынадай құжаттарды қоса ұсынады:
    1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады);
    2) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін тағайындау үшін берілген отбасының табысын растайтын құжаттары тұрғын үй көмегін тағайындау барысында есепке алынады;
    4) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
    5) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
    6) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
    7) банктік шоты;
    8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп – ұстауға, оның ішінде кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;
    9) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
    10) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
    11) мемлекеттік жеке тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.
    Жоғарыда аталған құжаттардан басқа құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Өтініш берушінің меншік құқығындағы (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтердің көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы айқындайды.
    Көпбалалы отбасының (азаматтың) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілінің) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе «электрондық үкімет» веб порталына ұсынған өтініші бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру төмендегіше рәсімделеді:
  • Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін ұсынылған құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
  • Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
  • Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.
  • Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) сәйкес еместігі анықталған жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге Портал немесе Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жолдайды.
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат өтініш берушінің «жеке кабинетке» жіберіледі.
    Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайын­дауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі және тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
    Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:
    1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормалары:
  • жеке басты азаматтар үшін — 30 шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтердің мөлшерінен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
  • екі және одан да көп адамнан тұратын – отбасының әр мүшесіне 18 шаршы метрден 72 шаршы метрге дейін, бірақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес.
    2) электр қуатын тұтыну норма-лары (бір айда):
  • бірден бес адамға дейінгі отбасына-отбасының әрбір мүшесіне 80 киловатт;
  • бес және одан да көп мүшелі отбасына — 400 киловатт.
    Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті сумен жабдықтау, жылу мен жабдықтау, қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін ауданда қызмет көрсететін мекемелер мен кәсіпорындар ұсынады.
    Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың есепшоттарына екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (қызмет көрсетушілердің, қызмет жабдықтаушылардың) арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.
    Осыған орай, тұрғын үй көмегінің тағайындалғандығы туралы хабарлама алған аз қамтылған отбасын (азаматты) көмек тағайындалған тоқсанның әрайының 10-шы жұлдызына дейін коммуналдық шығындарын айқындайтын шоттарды уәкілетті органға баламалы түрде ұсынудың қажеттігін, сәйкесінше ай сайынғы төлемнің ұсынылған шоттардың негізінде ғана жүзеге асырылатындығын ескерткіміз келеді.
    Тұрғын үй көмегіне қатысты сұрақтар бойынша бөлімнің 6-06-11 нөмірлі байланыс телефонына хабарласуға болады.

Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

About DevTeam

Check Also

ТАРАЗ КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ

Тараз қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен облыс орталығының аумағында 2020 жылдың 7 сәуір күні …

Добавить комментарий