Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласында қоғамды мазалап жүрген жер мәселесі бойынша тағы бір мәрте нақты жауап берілді.
Мақалада «Қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды» -деп қадап айтылған. Бұл әрбір қазақстандық үшін қуанышты хабар. Себебі, басты байлығымыз саналатын, атадан балаға мирас болып қалатын жерді көздің қарашығындай сақтап, келешек ұрпаққа аманаттау әрбіріміздің борышымыз деп білген жөн.
Президент Қ.Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басқан Қазақстан үшін толымды істерге толы болуы тиіс екендігін тілге тиек етті. «Бағдар мен белес» деп аталатын мақаланың алғашқы тарауында осы күнге дейін елімізде атқарылған шаралар барысы сараланады. Алғашқы онжылдықта Қазақстан іргетасын қаласа, екіншісінде керегесін кеңейтіп, тарихын түгендеуге, шекарасын шегендеп, инфрақұрылымдық жобаларға баса мән берді. Үшінші онжылдықта еліміз индустриялық-инновациялық даму жолын таңдады.
Сонымен қатар, Президент мақалада егемендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттарға тоқталып, іргеміздің берік болуы үшін қажет шараларды да айқындап берді.
Салтанат Омарова,
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп
директорының орынбасары.