«Tt»-ақпарат».
Елімізде волонтерлік қозғалыс жыл өткен сайын қанатын кеңге жаюда. Еріктілер жұмысын бір жүйеге келтіру, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету және жаңа мүмкіндіктерге жол ашу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялағаны белгілі.
Аталған жыл аясында ауданымызда ерікті, жігерлі жастардан құралған жасақ, көптеген игілікті істің басы –қасынан табылды. Биылғы әлемді жайлаған індет уақытында да «Birgemiz» деп ұрандатып, ауқымды шаралар атқарды.
Қаламыздағы «COWORKING» орталығында игілікті іс пен ілкімді шараларда белсенділік танытқан аудан жастарын марапаттау рәсімі өтті.
Марапаттау рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Қ.Садубаев пен «Жастар ресурстық орталығының» директоры Н.Манатбеков ерікті жастардың Отанға деген сүйіспеншіліктері мен атқарған істерін тілге тиек етіп, ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар, бірнеше жастарға республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі марапаттарды табыс етті.
Check Also
Эффективная площадка для обмена опыта
«Тt»-информ». В столице прошел VI республиканский форум сельских женщин «Роль сельских женщин в формировании приоритетов …