Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған — өндірістік оқыту шебері болу –уақыт талабы.
Облыс әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Өз ісінің шебері» өндірістік оқыту шеберлері арасында облыстық байқау өтті. Байқауға техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту саласындағы заманауи кәсіптік және жұмысшы мамандығын алу мамандарын дайындап отырған Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің білікті өндіріс шебері Абзал Шоңов қатысып, байқаудың төрт кезеңінен сүрінбей өтіп, І орынды жеңіп алды.
Бүгінгі таңда өндірістік оқыту шебері тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, тәуелсіз елімізге білікті маман даярлауда өз ісінің шебері болуы қажет.
Абзал Шайбекұлы оқу үрдісін жүргізуде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдаланып, педагогикалық тәжірибе алмасып, халықаралық, республикалық, облыстық деңгейде біліктілігін арттырып қана қоймай, сондай-ақ, ел іші карантиндік режимде отырғанның өзінде ол «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы қашықтықтан оқыту: контентін құрудан бастап оқу процесін ұйымдастыруға дейін», «Қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру» тақырыптарында арнайы курстардан өтті.
Заманауи өндірістік шебері әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын студенттерге жаңа технологияларды меңгертіп, өндірістік білік пен еңбек мәдениетін қалыптастырып, білім сапасына қойылатын қазіргі заман талабы – бұл студенттің интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуда. Осы талаптарға сай болу үшін WorldSkills байқауына студенттерін қатыстырып, республика, облыс бойынша жеңімпаз атанды. WorldSkills – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылатын жас мамандардың кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін үлкен бағыт.
Қазақстан Республикасының әлемге танылуына үлес қосатын білімді, білікті, саналы азамат, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатын, бәсекеге қабілетті кәсіби маман, жеке тұлға тәрбиелеуде Абзал Шоңовтың қосар үлесі зор.
Ж.Уртаева,
Қаратау құрылыс — техникалық колледжі.