Home / Қоғам және заң / Жемқорлық- жиіркенішті қылық

Жемқорлық- жиіркенішті қылық

Елімізді дамытып, көркейту әрбір қазақстандықтың міндеті. Қашаннан да бірлігі мықты елдің берекесі артып, ырысы таситынын жақсы білеміз. Сөйте тұра құлқын қамын ойлап, жемқорлыққа барып, ардан аттайтындардың бары ащы да болса шындық.
Бүгінгі қоғамдағы жағымсыз көрініске айналған жемқорлыққа тосқауыл қоюды тек мемлекетке тапсырмай, көп болып қолға алсақ, нәтижелі болады деп есептеймін. Өмір болған соң, түрлі жайттар орын алып жатады. Біз кез-келген мәселені пара беру арқылы шешіп аламын дейтін таяз түсініктен де арылуымыз керек.
Жемқорлық — жас мемлекетіміздің дамуына кері әсерін тигізіп қана қоймай, өскелең ұрпақты тура жолдан тайдыруға жетелейтін жиіркенішті қылық. Жағымсыз сипатқа ие жемқорлық еліміздің экономикасына да аса қауіпті. Сыбайластықпен ауқымды істердің кенжелеп, бөлінген қаражаттың қолды болып жатқандығын ақпараттан естіп, көріп отырамыз. Тіпті, қолдарына кісен салып әкетіп жатса да жағымсыз әрекеттен сабақ алатындар қатары азаймай тұр. Бұл жақсылыққа жетелемейді. Елдің ертеңін, баянды болашақты қалыптастыруда тасада қалмай, сіз бен біз күресуіміз қажет. Баршаңызды адалдықтан аттамауға шақырамын.

Ержан Абишев,
№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының шаруашылық меңгерушісі.

About DevTeam

Check Also

Өркениеттің өрісін кеңейтеміз десек…

2019 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты …

Добавить комментарий