Home / Дін және білім / Бақытымыз — балалардың шат күлкісі

Бақытымыз — балалардың шат күлкісі

Аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты мектептерде қараша айының екінші жартысында Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Қатыгезсіз және зорлық — зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқаны жоғары деңгейде өткізілуде.
Оның мақсаты: балаларды қатыгездікпен және немқұрайдылықпен қарау мәселесіне қоғамның наза­рын аудару.
Бала тәрбиелеу ісінде тәрбиелілік мақсатқа жетудің жолы — еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа бағыт беру қажет. Ұлттық рухани құндылықтарды балалардың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру — тәрбиенің пәрменді құралы болмақ.
Ғұлама, ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби : «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» — деген болатын.
Отбасы — адам баласы үшін ең жақын әлеуметтік орта. Адамды өзара түсіністікке жеткізетін сүйіспеншілік дәстүр­лері — салауатты отбасында ғана қалыптасады. Ел ертеңі — бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар. Бүгінімізді ертеңге жалғайтын өнегелі өркендерді тәрбиелеу, оқыту, білім беру, өмірде өз орнын табуға жол көрсету — әрбір ата — ананың міндеті. Әрбір ананың бесік жырынан бастау алатын қарым — қатынас, іс — әрекет, әдет — ғұрып адамның дүниетанымын, сана — сезімін, мінез — құлқын қалыптастыратын тағылымы терең тәлімдік мұра.
«Қатыгезсіз және зорлық — зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбындағы республикалық ақпараттық науқанды өткізу барысындағы аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты мектептердегі іс — шаралар, қашықтықтан 7 — 11 сынып оқушылары мен ата — аналарының қатысуымен ZOOM режимінде адамгершілік — жыныстық тәрбие жұмыстары және кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді және де әлеуметтік қауіпті жағдайдағы балалар мен отбасыларды анықтау үшін «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» кең ауқымды рейдті білім ұясынан құрылған мобильдік топ мүшелері өткізді. Күндізгі және түнгі рейд барысында, әлеуметтік қауіпті жағдайдағы балалар мен отбасылар және беймезгіл түнгі уақытта жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталған жоқ. Сонымен бірге, отбасындағы зорлық — зомбылыққа жол бермеу мақсатында құқық туралы ұғымды қалыптастыру арқылы, барлық адамдарға құрметпен қарау туралы бағыт берілді.
Ұлан Раев,
аудан әкімдігінің білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы.

About DevTeam

Check Also

Радикалды діни көзқарастың жеке тұлға мен қоғамға кері әсері

Асылында ислам діні бұл — кемелділік діні. Қазақ даласы­на ислам діні келген уақыттан бастап ата-бабамыздың …

Добавить комментарий