Асылында ислам діні бұл — кемелділік діні. Қазақ даласына ислам діні келген уақыттан бастап ата-бабамыздың көзін ашып көргені, аузын ашып өпкені, тіпті күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, салт-дәстүріне, ой-санасына, мәдениетіне сіңісіп, біте қайнасып кеткен дүниелер іспеттес қазақ руханиятының ажырамас бөлігі екендігі бесенеден белгілі.
Елбасымыздың «Біздің түбіміз — түрік, дініміз — ислам, кітабымыз -Құран»-деген сөзі осының айқын куәсі болмақ. Алайда, кейінгі жылдары осы тамыры тереңде жатқан рухани ұстанымыздың өзегіне өрт түсіргісі келетін теріс пиғылды топтардың қарасы табылатындығы да әмбеге аян. Осындай ұлтымыздың тамырына балта шапқысы келетін, салт-дәстүрімізді адасқанның шатпағы деп түсінетін теріс пікірлерден ада қылдыру мақсатымен Жамбыл облыстық дін саласындағы ақпараттық –түсіндіру тобының (II топ) мүшелері Алмас Құлымбетов және Азамат Балходжаев Талас аудан тұрғындары (жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етушілер мен кәсіпкерлер, полиция қызметкерлері, жалдамалы жұмысшылар, еңбек ұжымдары, медицина қызметкерлері) арасында барлығы 300 адамды қамтыған 15 іс-шара өткізді. Іс-шара барысында дәстүрлі ислам турасында, Қазақстан аумағында рұхсат етілген мазхаб жайында ақпараттар берілді. Радикалды діни көзқарастың қоғамға, оның ішінде жеке тұлғаларға айтарлықтай зардабы бар екендігін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының еңселі ел болуы үшін ең бірінші руханиятының аманда болғаны лазым. Діні, тілі ақсаған елдің өзегі қақсайды, ілгері бір табан баспайды,- демекші ел үшін, дін үшін, тіл үшін тақым талдырып жүрген азаматтарымыздың амандығын берсін. Осы тұста айтарымыз балалардың, жалпы жастардың радикалды діни көзқарастың құрбаны болмас үшін, оларды жастайынан ізгілік пен имандылыққа, отансүйгіштік пен адалдыққа баулу және адами қасиеттерді бойларына сіңіру мәселесінде отбасы үлкен рөл атқаратындығын әрбіріміз білуіміз қажет.
Жанұзақ Әнебеков,
Талас аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог.
Check Also
Бақытымыз — балалардың шат күлкісі
Аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты мектептерде қараша айының екінші жартысында Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен …